Ағылшын премьер-лигасы

25 тур. 3 ақпан

«Манчестер Сити» — «Арсенал» — 3:1 (Агуеро, 1, 44, 61 – Косиелный, 11)

«Манчестр Сити» шабуылшысы Серхио Агуеро екі турда қатарынан бірінші минутта мергендік танытты.

24 турда ол «Ньюкасл» қақпасын 24 секундта таңбалады, бірақ ол кездесуде «МС» 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

25 турда «Арсенал» қақпасына аргентиналық мерген 46 секундта доп соқты. Осы екі доп та – биылғы маусымның ең жылдам голдар.

Сонымен қатар, Агуеро:

  • АПЛ-дағы хет-триктер санын 10-ға жеткізді. Бұл көрсеткіш бойынша ол даңқты сұрмерген Алан Ширерден ғана қалыңқы (11 хет-трик);
  • АПЛ тарихындағы сегізінші бас мерген (157 гол). Оның алдында Алан Ширер (260), Уейн Руни (208), Енди Коул (187), Френк Лемпард (177), Тьерри Анри (175), Робби Фаулер (163), Джермейн Дефо (162) сияқты сұрмергендер бар;
  • «Манчестр Сити» сапында Агуеро түрлі турнирлерде 219 доп соқты. Бұл көрсеткіш бойынша ол – клуб тарихындағы бас мерген;
  • Соңғы рет ол 2006-2007 жылғы маусымда «Атлетико» сапында 10 голдан төмен нәтижелілік көрсетті (6 доп). Содан бергі 13 жыл ішінде ол ұлттық лигаларда үнемі 10-нан асыра енгізіп келеді;
  • Қазір Агуероның еншісінде 344 ресми гол бар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here