Ұлттар лигасы

С лигасы. 4 топ

І тур. 4 қыркүйек

ЛИТВА — ҚАЗАҚСТАН — 0:2

Голдар: Б.Зайнутдинов (Б.Исламхан), 4 (0:1)
И.Қуат, 87 (0:2)

Ескерту: М.Палионис, 22; С.Миколюнас, 33; Г.Сиргедас, 45+1; С.Малый, 49; А.Әбікен, 69; Р.Баравикас, 82

Литва: 1.Д.Барткус; 23.Р.Баравикас (18.О.Вербицкас, 82); 3.М.Палионис; 4.Е.Гирдвайнис; 13.С.Миколюнас; 20.Д.Шимкус; 14.Ю.Ласицкас; 21.М.Воробьевас; 10.Г.Сиргедас (17.М.Дапкус, 89); 19.Д.Казлаускас; 22.Ф.Черных (9.К.Лаукжемис, 46)
Қазақстан: 1.С.Покатилов; 11.Я.Вороговский; 3.Н.Әліп; 2.С.Малый; 22.А.Марочкин; 23.М.Быстров; 14.Ю.Перцух (5.И.Қуат, 82); 6.А.Әбікен; 16.Г.Сүйімбаев; 9.Б.Исламхан (17.А.Әйімбетов, 70); 19.Б.Зайнутдинов (20.М.Федин, 30)

Төреші — Р.Обренович (Словения)

04.09.2020. Вильнюс. ЛФФ стадионы. Жанкүйерсіз

Ойын статистикасы:

Барлық соққылар: 16 — 10
Тура соққы: 3 — 5
Маңдайшы, баған: 0 — 0
Бұрыштама: 3 — 2
Офсайд: 1 — 2
Тәртіп бұзу: 13 — 16

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын жеңіспен бастады. Вильнюсте Михал Билектің шәкірттері Литваны 2:0 есебімен жеңді. Бұл күні сырт алаңда Беларусьтен (2:0) басым түскен Албания құрамасы Қазақстанмен бірге топ бастады.

2018 жылы, Ұлттар лигасының алғашқы бәсекесінде отандастарымыз бірінші кездесуде Грузиядан 0:2 есебімен жеңілген еді.

Қазақстан құрамасы УЕФА-ға мүше құрамалар ішінен он екінші қарсыласын тізе бүктіріп отыр. Бұған дейін Сербия, Армения, Андорра, Әзербайжан, Эстония, Молдова, Грузия, Латвия, Венгрия, Шотландия, Сан-Марино сияқты қарсыластарынан ресми және жолдастық кездесулерде басым түскен еді.

Литва құрамасын қазақстандықтар бірінші рет жеңіп отыр. Қос құраманың 2014 жылы Түркияда өткен жолдастық кездесуі 1:1 есебімен тең аяқталған-ды.

Қазақстан құрамасы сырт алаңдағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді. 1992 жылдан бері отандастарымыз Ирак, Пәкстан, Бахрейн, Армения, Андорра, Латвия, Сан-Марино құрамаларын қонақта ұтты.

Бақтияр Зайнутдинов құрама сапында үшінші ойында қатар гол соғып, бұл көрсеткіш бойынша А.Клишин мен В.Логиновтың — 1997 жылғы, В.Зубаревтің — 1998 жылғы, Р.Балтиев пен К.Горовенконың — 2001 жылғы, Д.Бяковтың 2007 жылғы жетістігін қайталады.

Қазақстан құрамасы отыз төртінші рет қарсыластарын құрғақ есеппен, яғни өз қақпасына доп жібермей жеңді. 1992 және 2000 жылдары қазақстандықтар 4 ойында өз қақпасына доп жібермей басымдық танытты. Ең жоғары құрғақ жеңістер сериясы — әзірше осы ғана.

Б.Зайнутдинов құрама сапындағы жетінші добын енгізіп, бұл көрсеткіш бойынша алғашқы төрттікке көтерілді. Оның алдында Р.Балтиев (13 гол), В.Зубарев (12), С.Хижниченко мен Д.Бяков (8 голдан) бар. Зайнутдинов құрамадағы гол саны бойынша Н.Жұмасқалиевпен теңесті (7).

И.Қуат құрама сапында доп соққан қырқыншы джокер атанды. Ол алаңға 82 минутта Ю.Перцухтің орнына шығып, арада 6 минут өткенде Литва қақпасын таңбалады. Ең қызығы, соңғы 4 джокерлік голдың бәрін отандастарымыз небары 6 минут ішінде соғып отыр:

Қазақстан — Андорра — 4:0. Муртазаев — 5 минут (70 минутта шықты, 74 минутта есепті 4:0-ге жеткізді);

Грузия — Қазақстан — 2:1. Өміртаев — 3 минут (88-90, 2:1);

Қазақстан — Сан-Марино — 4:0. М.Федин — 5 минут (58-62, 2:0);

Литва — Қазақстан — 0:2. И.Қуат — 6 минут (82-87, 0:2).

И.Қуат құрама сапындағы бесінші добын енгізіп, Ю.Логвиненкомен және Қ.Нұрдәулетовпен теңесті. Бұл үштік құрама мергендерінің алғашқы алтылығына енеді.

С.Покатилов 3 жылға жуық уақыт үзілістен кейін құраманың қақпасын қайта қорғады. Ол 2017 жылдың 5 қазанында әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Румынияға қарсы ойында (3:1) негізгі құрамда шыққан еді.

ҚФФ фотосы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here