Футболдан Қазақстан құрамасы Euro-2020 іріктеу кезеңі аясында 16 және 19 қараша күндері соңғы ойындарын өткізеді. Алдымен топ аутсайдері Сан-Марино құрамасымен 16 қарашада кездессе, 19 қарашада Глазго қаласындағы «Хемпден Парк» стадионында Шотландияға қарсы алаңға шығады.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек осы ойындарға қатысатын футболшылар тізімін жариялады. Ішінара өзгерістер бар демесек, бәрі де – көзтаныс футболшылар. Шабуыл шебіне Абай Әйімбетов пен Алексей Щеткин оралып, бұған дейінгі ойындарда өнер көрсеткен Тоқтар Жанғылышбай мен Сергей Хижниченко қосалқы тізімге еніпті. Ресейдің «Ростов» командасынан Бақтияр Зайнутдинов келеді. Ол соңғы кездері Ресей премьер-лигасында тұрақты ойнап жүр. Көрші ел кубогының ойынында «Спартакқа» қарсы негізгі құрамда шыққаны тағы бар. Яғни Зайнутдинов жарақатынан толық айықты деуімізге болады.

Жалпы алғанда, бас бапкер жақсы футболшылардың ешбірін назардан тыс қалдырды деуге болмайды. «Астана» сапындағы Роман Муртазаев, Серікжан Мұжықов сияқты құрама мүшелері соңғы кездері алаңға сирек шығып жүр. Еркебұлан Сейдахмет («Қайрат») Алматыға келгелі негізгі құрамнан тұрақты орын тапқан жоқ. Бауыржан Тұрысбек пен Тоқтар Жанғылышбай күзге қарай мергендіктен мүлде жаңылды деуге болады.

Қазақстан құрамасы бұл іріктеу кезеңін өте жақсы бастап, кейін қарқынынан айырылып қалды. Қазан айындағы Нұр-Сұлтанда өткізген екі кездесуде де қарсыластарына (Кипр – 1:2, Бельгия – 0:2) есе жіберген соң, құрлық біріншілігіне шығуға қосымша мүмкіндік беретін үшінші орыннан да үміт үзді. Ендігі басты мәселе – «2008 жылғы іріктеудің рекорды жаңара ма?» деген сұрақ қана. Сол жылы біздің құрама Арно Пайперстің жетекшілігімен 10 ұпай жинап еді. Қазір Қазақстан еншісінде 7 ұпай бар. Сырт алаңда Сан-Мариноны жеңе алса, рекордты қайталайды.

Жалпы, Euro-2020 іріктеу кезеңінде І тобындағы жағдай толық белгілі деуге болады. Бельгия мен Ресей құрлық додасына тікелей жолдама алды. Үшінші орынға талас әлі де жалғасып жатыр, бірақ Кипрдің мүмкіндігі молырақ. Олар 16 қарашада негізгі қарсыласы Шотландияны қабылдайды.

Басқа топтардан Украина (В тобы), Испания (F тобы), Польша (G тобы) және Италия (J тобы) Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алды.

Билек тізіміне енген футболшылар:

Қақпашылар: Дмитро Непогодов («Ордабасы»), Стас Покатилов («Қайрат»), Игорь Шацкий («Шахтер»);

Защитники: Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмирий Шомко («Астана»), Нұралы Әліп, Ғафуржан Сүйімбаев («Қайрат»), Александр Марочкин («Қайсар»), Темірлан Ерланов, Сергей Малый («Ордабасы»), Олжас Керімжанов («Жетісу»), Ян Вороговский («Беерсхот», Бельгия);

Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух («Астана»), Айбол Әбікен, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат («Қайрат»), Асқат Тағыберген («Қайсар»), Бақтияр Зайнутдинов («Ростов», Ресей);

ШабуылшыларМаксим Федин («Тобыл»), Алексей Щеткин («Ордабасы»), Абат Әйімбетов («Ақтөбе»).

Владимир Плотников, Еркебұлан Сейдахмет, Асланбек Кәкімов, Серікжан Мұжықов, Роман Муртазаев, Сергей Хижниченко, Аслан Дарабаев, Еркін Тапалов, Айбар Жақсылықов, Думан Нәрзілдаев, Марат Быстров, Тимур Досмағамбетов, Тоқтар Жанғылышбай, Виктор Дмитренко, Азат Нұрғалиев, Бауыржан Тұрысбек, Руслан Валиуллин, Дмитрий Мирошниченко, Геворг Наджарян  сияқты футболшылар қосалқы тізімде тұр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here