«Астана» УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Беларусь чемпионы «Динамо-Брест» командасымен кездесетін болды.

Кезең бір ғана ойыннан тұрады. Қос қарсыластың кездесуі 18 немесе 19 тамызда Брест қаласында өтеді. Коронавирус пандемиясына орай кездесу бейтарап алаңда өтуі мүмкін.

«Динамо-Брест» — еурокубоктарда біздің клубтармен жолы түйіскен Беларусьтің үшінші командасы.

Бұған дейін екі ел клубтары еурокубоктарда 4 рет кездесіп, қазақстандықтар 3 рет келесі кезеңге өтті, беларусьтіктер 1 рет басым түсті.

Беларусь клубтарымен 4 бәсекелестіктің екеуінде — «Шахтер» (Қарағанды), екеуінде «Астана» (Нұр-Сұлтан) өнер көрсетті:

  1. 19.06.2006 ж. Интертото кубогы. І кезең. «Шахтер» (Қарағанды) — МТЗ-РИПО (Минск) — 1:5 (Мендес, 67 — Щегрикович, 45+1, В.Глеб, 52, Мамич, 62, 82, Страханович, 64)
  2. 26.06.2006 ж. Қарымта кездесу. МТЗ-РИПО — «Шахтер» — 1:3 (Страханович, 59-пенальтиден — Руснак, 14, Оразбахтин, 37, Глушко, 54)
  3. 16.07.2013 ж. ЧЛ. ІІ іріктеу кезеңі. БАТЭ (Борисов) — «Шахтер» — 0:1 (Хижниченко, 48)
  4. 23.07.2013 ж. Қарымта кездесу. «Шахтер» — БАТЭ — 1:0 (Зенькович, 82)
  5. 18.06.2016 ж. ЕЛІ. Плей-офф. «Астана» — БАТЭ — 2:0 (Кабананга, 70, Нұрғалиев, 80)
  6. 25.08.2016 ж. Қарымта кездесу. БАТЭ — «Астана» — 2:2 (Гордейчук, 27, Стасевич, 89-пенальтиден — Максимович, 50, Твумаси, 76)
  7. 22.08.2019 ж. ЕЛІ. Плей-офф. «Астана» — БАТЭ — 3:0 (Томасов, 23, Логвиненко, 44, Сигурйонссон, 52-пенальтиден)
  8. 29.08.2019 ж. Қарымта кездесу. БАТЭ — «Астана» — 2:0 (Скавыш, 6, Яблонский, 85)

Беларусь клубтарымен бәсекелестік қорытындылары мынадай: 5 жеңіс, 1 тең ойын, 2 жеңіліс, доп айырмасы — 13:10.

«Динамо-Брест» — Беларусь чемпионы, Беларусь кубогының, Беларусь суперкубогының 3 дүркін иегері.

Бұл команда сапында 2016 жылы «Астанаға» БАТЭ құрамында қарсы ойнаған Михаил Гордейчук, сондай-ақ 2018 жылы Павлодардың «Ертісінде» ойнаған Сергей Кисляк өнер көрсетеді.

Бұған дейін қазақстандық командалалар «Динамо» (Киевтің, Тбилисидің және Загребтің клубтары) деп аталатын үш елдің командасына қарсы ойнады. Бресттіктер төртінші «динамошылар» болмақ.

Осы көктемде «Динамо-Брест» сапында Қарағанды футболының түлегі Владислав Васильев 8 кездесуге қатысып, бресттіктердің тұңғыш чемпион атануына үлес қосты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here