Лука Модрич «Реал» командасының «Алтын доп» жеңіп алған жетінші футболшысы болып отыр.

«Франс футбол» апталығының сауалнамасы бойынша Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы 753 ұпай жинады. Екінші орындағы Криштиану Роналду (Португалия, «Реал») – 476, үшінші орындағы Антуанн Гризманн (Франция, «Атлетико») 414 ұпайға ие болды.

Бұған дейін «Реал» сапынан «Алтын допқа» Альфредо ди Стефано (1957, 1959), Раймон Копа (1958), Луиш Фигу (2000), Роналдо (2002), Фабио Каннаваро (2006) және Криштиану Роналду (2008, 2013, 2014, 2016, 2017) ие болып еді. Модричтің жеңісі арқасында корольдік клуб «Алтын доп» иегерлерінің саны бойынша бірінші орынға шықты. «Барселонаның», «Ювентустың» және «Миланның» ойыншылары 6 реттен жыл үздігі атыныпты.

«Алтын доптың» жалпы саны бойынша «Реал» енді «Барселонамен» теңесті (екеуінде де – 11).

Бұл – Хорватия құрамасы алғаш жеңіп алған«Алтын доп». 1998 жылы шабуылшы Давор Шукер француз Зинедин Зиданды ғана алға жіберіп, екінші орын алған еді.

Модрич соңғы 10 жыл бойы «Алтын допты» ешкімге бермеген Лионель Месси мен Криштиану Роналду үстемдігін бұзды. Оларға дейін 2007 жылы бразилиялық Кака әлем үздігі атанып еді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here