Алматыда өткен футзалдан чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде «Қайрат» табысты өнер көрсете алмады. Оңтүстікастаналықтар бір ойында жеңіп, екі кездесуде жеңіліп, финалға жолдама ала алмады.

І турда «Қайрат» Испанияның «Мурсия Эль-Посо» командасынан 1:4 есебімен жеңілді. Келесі қарсыласы – «Пезаро» (Италия) командасынан 1:3 есебімен ұтылып жатып, таразы басын өзіне бұра алды – 4:3. Алайда соңғы турда Кака шәкірттері Португалияның «Бенфикасынан» 3:5 есебімен жеңіліп, өз тобында соңғы орында қалды. Жеті ұпай жинаған «Мурсия» «Төрттік» финалына жолдама алды. «Пезаро» төрт ұпаймен – екінші, «Қайраттан» өзара кездесуде басымдық танытқан «Бенфика» үшінші сатыға орнықты.

Басқа топтардан «Төрттік финалына» «Барселона» (Испания), КПРФ және «Төмен» (екеуі де Ресейден) командалары жолдама алды. Финалдық ойындар осы командалардың бірінің алаңында 23/25 немесе 24/26 сәуірде өтеді.

Элиталық кезеңге тұңғыш рет шыққан «Аят» та (Қостанай облысы) жанкүйерлерін қуанта алмады. «Аят» «Спортингтен» (Португалия) – 2:5, «Төменнен» – 0:3, «Ново Вриемеден» (Хорватия) 2:3 есебімен жеңілді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here