Ұлттар лигасының ІІ турында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Әйімбетов құрама сапындағы алғашқы добын соқты.
Бұл — Абаттың үлкен футболдағы отызыншы добы.
Шабуылшының көрсеткіштері мынадай:
Қазақстан премьер-лигасы (Olimpbet-Қазақстан чемпионаты) — 25 гол
Қазақстан кубогы — 3
Еурокубоктар — 1
Ұлттық құрама — 1.
30 голға Абат 8 жыл жұмсады. Бірінші добын 2013 жылдың 19 қазанында «Шахтер» қақпашысы А.Заруцкийдің қақпасына соқты.
Әйімбетов үшін ең нәтижелі жыл — 2019 жыл. Былтырғы маусымда ол 18 гол авторы (16 — ҚПЛ, 2 — Қазақстан кубогы) атанды.
Жылдар бойынша көрсеткіштер:
2013 ж. — 2 (2- ҚПЛ)
2014 ж. — 2 (1 — Қазақстан кубогы, 1 — еурокубок)
2015 ж. — 1 (ҚПЛ)
2018 ж. — 2 (2 — ҚПЛ)
2019 ж. — 18 (16 — ҚПЛ, 2 — Қазақстан кубогы)
2020 ж. — 5 (4 — ОҚЧ, 1 — ұлттық құрама)
30 голдың 25-ін Әйімбетов — «Ақтөбе» сапында (21 — ҚПЛ, 3 — Қазақстан кубогы, 1 — еурокубок), 4-ін — «Қайрат» сапында (бәрі — ОҚЧ), 1-ін ұлттық құрама сапында соқты.
kff.kz фотосы