Қазақстан құрамасы Рио олимпиадасында 17 медаль (3 алтын, 5 күміс, 9 қола) иеленді. Бұл осыған дейін қатысқан 5 олимпиададағы көрсеткіштерден жоғары.
1996 жыл. Атланта. 3 алтын, 4 күміс, 4 қола. Барлығы — 11
2000 жыл. Сидней. 3, 4, 0 = 7
2004 жыл. Афина. 1, 4, 3 = 8
2008 жыл. Бейжің. 2, 4, 7 = 13
2012 жыл. Лондон. 7, 1, 5 = 13
2016 жыл. Рио де Жанейро. 3, 5, 9 = 17
Бейжің және Лондон олимпиадалары қоржынымызға 13 медаль салып беріп, ең олжалы олимпиадаларымыз саналып еді. Рио ол көрсеткіштен 4 медаль артық сыйлады.
Рио олимпиадасында отандастарымыз күміс және қола медальдардан рекорд жасады. Биыл олар 5 күміс, 9 қола иеленді. Бұған дейін ең көп күмісіміз — 4 (Сидней, Афина, Бейжің), ең көп қоламыз 7 (Бейжің) еді.
Қазақстандықтар осымен 3 олимпиадада алтын жүлдені үш-үштен иеленіп отыр. Бұрын Атланта мен Сиднейде осындай көрсеткішке қол жеткізген болатынбыз.

1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here