Қытайдың Сиан қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрес балуандары жарысты аяқтады. Әсет Серікбаев баптайтын еліміздің еркін күрес құрамасы бұл сында 2 алтын (Н.Қайпанов, Д.Қайсанов), 1 күміс (С.Оқасов), 2 қола медаль (Ғ.Өсербаев, Ә.Ерғали) жеңіп алды, деп хабарлайды wrestling.kz.

Кеше жарыс жолына шыққан балуандардың арасында 74 келі салмақта ел намысын қорғаған Данияр Қайсанов финалда үндістандық балуаннан айласын асырып, Азия чемпионы атанды. Данияр былтыр Бішкекте (Қырғызстан) өткен Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болған еді.

Өкінішке қарай, Даниярдан басқа төрт балуанымыз іріктеу сайыстарын сәтсіз өткізіп, Азия чемпионатынан жүлдесіз қалды.

Екінші күннің нәтижелері:

61 келі

Іріктеу кезеңі. Бауыржан Төребек (Қазақстан) – Кумсонг Ри (КХДР) – 3:8

74 келі

Іріктеу кезеңі. Данияр Қайсанов (Қазақстан) – Отгонбаяр Батсури (Моңғолия) – 8:1

¼ финал. Данияр Қайсанов – Артем Присяжнюк (Өзбекстан) – 12:0

½ финал. Данияр Қайсанов – Адам Батыров (Бахрейн) – 0:0

Финал. Данияр Қайсанов – Амит Кумар (Үндістан) — 5:0

86 келі

Іріктеу кезеңі, Әділет Дауламбаев (Қазақстан) – Д.Надер (Ливан) – 9:6

¼ финал. А.Вахобов (Өзбекстан) – Әділет Дауламбаев – 14:8

92 келі

Іріктеу кезеңі. Ералы Әбдірашев (Қазақстан) – Азат Гаджиев (Түркіменстан) – 7:0

¼ финал. А.Солиев (Өзбекстан) — Ералы Әбдірашев – 10:0

125 келі

Іріктеу кезеңі. Олег Болтин (Қазақстан) – Л.Мунхтур (Моңғолия) – 2:0

¼ финал. Хасанбай Рахимов (Өзбекстан) — Олег Болтин – 2:0

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here