Зарина Диас  WTA турнирінде топ жарып, жанкүйерлерін қуанышқа бөледі. Ол – ересектер арасындағы турнирде топ жарған тұңғыш қазақ қызы. Отандасымыз бұған дейін ITF турнирлерінде 7 рет жеңіске жеткен еді.

Өзінің ересектер арасындағы алғашқы толымды табысын Диас Жапонияда тойлады. Ол Жапония ашық біріншілігінің финалында жергілікті теннисші Маю Катоны екі сетте қапы қалдырды – 6:2, 7:5.

Финалға дейінгі жеңісті жолы мынадай болды:
І айналым. Мисака Дои (Жапония) – 3:6, 6:1, 6:1
ІІ айналым. Чан Шуай (Қытай) – 6:4, 6:4
Ширек финал. Юлия Путинцева (Қазақстан) – 4:6, 6:1, 6:3
Жартылай финал. Кристина МакКейл (АҚШ) – 6:4, 0:6, 6:3
Осы жеңісінен кейін З.Диас WTA рейтингінде алға 37 қадам жасап, 63 орынға көтерілді. Жеке рейтингіне 298 ұпай қосты.

Зарина біраз уақыт жарақатын емдеп, жарыстарға қатыса алмаған болатын. Биыл ол WTA турнирлеріне шілденің соңында ғана қатысуға мүмкіндік алды. Жапония ашық біріншілігіне дейінгі нәтижелері мынадай:

Куала-Лумпур (Малайзия)
І айналым. Дуан Инин (Қытай) — 5:7, 3:6. Бұл турнирде З.Диас өз рейтингіне 1 ұпай ғана қосты.

Уимблдон (Ұлыбритания)
І айналым. Хан Синюн (Қытай) — 6:3, 6:4
ІІ айналым. Арина Родионова (Австралия) — 6:4, 7:6
ІІІ айналым. Петра Мартич (Хорватия) — 6:7, 1:6. Бұл жарыста З.Диас 130 рейтинг ұпайын иеленді.

Нанчан (Қытай)
І айналым. Лу Зинзин (Қытай) — 3:6, 6:1, 6:7. Рейтингіне 1 ұпай ғана қосылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here