Olimpbet-Қазақстан чемпионаты

1 тур. 7-8 наурыз

«Астана» — «Қызылжар-СҚ» — 4:0 (Сотириу, 51, 82, Сигурйонссон, 88, Томасов, 90)

«Ордабасы» — «Оқжетпес» — 1:0 (Брижиду, 57)

«Қайрат» — «Тараз» — 2:1 (Вржещински, 24, Әйімбетов, 83 — Цатл, 29 )

«Тобыл» «Шахтер» (Муртазаев, 17, Нұрғалиев, 87, Зарандия, 88 — Буйволов, 56)

«Каспий» — «Жетісу» — 0:2 (Тошев, 66, Зубович, 83)

«Қайсар» — «Ертіс» — 1:0 (Лобжанидзе, 11)

*Ел чемпионы «Астана» үшінші рет алғашқы турды ірі жеңіспен бастап отыр. Бұған дейін нұрсұлтандықтар 2018 және 2019 жылғы маусымдардың беташар кездесуінде «Ақжайық» (3:0) және «Ақтөбе» (4:1) командаларын ойсырата жеңген еді. «Астана» тұңғыш рет алғашқы турда 4:0 есебімен жеңіске жетіп отыр.

* «Астана» сапында үшінші маусымын өткеріп жатқан хорват футболшысы Марин Томасов тағы да бірінші турда мергендік танытып отыр. Бұған дейін ол 2018 жылы — «Ақжайық» қақпасын (бір гол) және 2019 жылы «Ақтөбе» қақпасын (екі гол) дәл көздеп, маусымға жақсы қадам жасаған еді.

*Марин Томасов «Қызылжар-СҚ» қақпасына доп соғып, «Астана» сапындағы гол санын 50-ге жеткізді. Ол Қазақстан чемпионаттарында — 36, Қазақстан кубогында — 2, еурокубоктарда 11 доп соқты.

*Биылғы бірінші турда қақпаларға екі пенальти белгіленіп, екеуі де соғылмады. «Қайрат» — «Тараз» кездесуінде алматылық шабуылшы Абат Әйімбетовтің соққысын — Жорахан Бабаханов, «Қайсар» — «Ертіс» кездесуінде керекулік Леван Куталияның соққысын Марсель Исламқұлов қақпаға дарытқан жоқ. Соңғы рет алғашқы турда екі пенальти 2017 жылы белгіленіп, екеуі де соғылған еді.

*Ж.Бабаханов екінші рет пенальти қайтарып отыр. Ол өткен маусымның 9 турындағы «Оқжетпес» — «Шахтер» кездесуінің 9 минутында шабуылшы Иван Пешич («Шахтер») тепкен пенальтиді қақпаға дарытпаған еді. Ал М.Исламқұлов («Қайсар») бірінші рет пенальти дуэлінде жеңімпаз болып отыр.

*Лука Зарандия («Тобыл»), Нилс Цатл («Тараз»), Егор Зубович («Жетісу»), Андрей Буйволов («Шахтер»), Рубан Брижиду («Ордабасы») және Пиерос Сотириу («Астана») сияқты легионерлер Қазақстан чемпионатындағы алғашқы кездесулерінде бірден доп соғып, мергендік танытты. Брижиду мен Сотириудың дәл соққылары қз командаларына жеңіс сыйласа, Сотириу бірден қос доп соғып, мергендер көшін бастады.

*Азат Нұрғалиев («Тобыл») бесінші рет алғашқы турда доп соғып отыр. Ол 2011, 2016, 2017 және 2019 жылдары маусымашар матчтарда мергендік танытқан еді. Биыл бірінші турда ойынға екінші таймда араласқанына қарамастан, ол «Шахтер» қақпасына жеңіс голын енгізді.

*2019 жылы бірінші турда 20 доп соғылған еді. Биыл одан бес доп кем енгізілді (15).

*Өткен жылы бірінші турдағы 20 доптың 13-ін — қазақстандықтар, 7-ін легионерлер енгізіп еді. Биыл легионерлердің басымдағы төрт есе. Отандастарымыз 3 гол енгізсе, сырттан келгендер 12 гол авторы атанды.

*Өткен жылы алғашқы турдағы 6 кездесудің 30 000 жанкүйер тамашалаған еді. Биыл 15 400 адам ғана ойындарды стадиондардан көрді. Биыл ауа райының суық болғаны да бұл көрсеткішке әсер еткені сөзсіз.

* Бірінші турда «Ертістің» (Павлодар) негізгі құрамында шетелдік 10 футболшы өнер көрсетті. Олардың арасында жалғыз отандасымыз Дмитрий Шмидт қана болды. Еуразиялық одаққа мүше елдерден 4 (Сергей Черник, Валерий Почивалин, Андрей Хрипков, Максим Житнев) футболшы таңдаулы 11-дің қатарында болды.»Қайрат» пен «Қайсар» ғана негізгі құрамға отандық алты футболшыдан қосты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here