Қазақстан – Кипр — 1:2

Голдар: Ерланов, 34 — Сотириу, 73, Н.Иоанну, 84

Ескерту алғандар: Сүйімбаев, 5, Исламхан, 25, Ерланов, 39, Әбікен, 50, Қуат, 64, Перцух, 72 — Меркис, 25, Минтиккис, 44
Қазақстан: №12 Непогодов, №11 Вороговский, №2 Малый, №3 Ерланов, №15 Марочкин, №16 Сүйімбаев, №6 Әбікен (№20 Федин, 80), №14 Перцуx, №5 Қуат (№8 Тағыберген, 90), №9 Исламхан (к), №13 Жанғылышбай (№7 Хижниченко, 61)
Кипр: №1 Панаги, №3 Н.Иоанну, №4 Меркис (к) (№16 Шполярич, 61), №8 Кирьяку, №10 Сотириу, №13 Кусулос, №14 Минтиккис (№7 Захариу, 46), №15 Папулис (№17 Маргаса, 88), №18 Артиматас, №19 Лаифис, №20 Кости.

Төреші — К.Поусон (Англия)

 10.10.2019 ж. Нұр-Сұлтан, «Astana Arena» стадионы

Қазақстан құрамасы өз алаңында Кипрге есе жіберіп, І тобында төртінші орынға сырғыды. Енді біздің құрама Еуро-2020 финалдық турниріне қосымша іріктеу матчтарына жолдаман да үміт үзген сыңайлы.

І тобында Кипр құрамасы ІІІ орынға көтерілді.

Кипр құрамасы Қазақстанды ең көп жеңген командалар тізіміне енді. Түркия Қазақстан құрамасын — 6 рет, Армения, Польша, Германия, Дания, Украина — 4 рет, Бельгия, Грузия, Сирия, Ресей , Қаратау, Грекия, Португалия 3 рет жеңген болса, осы қатарға енді Кипр де кіріп отыр.

Қазақстан құрамасы өз тарихында 17-рет қарсыласқа жігерлі жеңіс беріп қойды. Соңғы рет отандастарымыз 4 жылдан астам уақыт бұрын бірінші есеп ашып, артынша жеңіліп қалған еді: 03.09.2015 ж. ЕЧІ16. Чехия — Қазақстан — 2:1 (Шкода, 74, 86 — Логвиненко, 21)

Бұл Қазақстан құрамасының «Астана-Арена» стадионындағы 30 кездесуі болатын. Отандастырымыз елорда төрінде 14-рет жеңілді. 8 ойында жеңді, 8 ойында тең түсті. Доп айырмасы — 38:44.

Бұл кездесуде Қазақстан құрамасының бірнеше футболшысы құрама сапындағы мерейлі матчтарын өткізді: Бауыржан Исламхан – 40, Ғафуржан Сүйімбаев — 30, Юрий Перцух – 10.

«Ордабасы» қорғаушысы Темірлан Ерланов құрамадағы алғашқы добын соқты. Ең қызығы, биыл Ерланов өзі қатысқан төртінші турнирде мергендік танытып отыр. Бұған дейін ол Қазақстан премьер-лигасында — 2, Қазақстан кубогында — 2, еурокубокта 1 гол авторы атанған еді. Тіпті жақында, ҚПЛ-дың 29 турындағы «Ордабасы»- «Астана» кездесуінде ол өз қақпасына гол соғып алды. Демек, Ерлановтың биылғы 6 голының бес түрлі сипаты бар десек болады.

І тобындағы басқа матчтардың нәтижелері: Ресей — Шотландия — 4:0, Бельгия — Сан-Марино — 9:0. Бельгия Еуро-2020 финалдық кезеңіне жолдама алған алғашқы команда болды.

(kff.kz фотосы)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here