Париж төрінде Қазақстан қоржынына екінші күміс жүлде түсті. 59 келі салмақ дəрежесінде күрескен Мейрамбек Айнағұлов финалда жапон балуаны Кеничиро Фумитадан 1:2 есебімен жеңілді.

Белдесу тең жағдайда өтті. Фумита отандасымыздан айып ұпайының басымдығынан ғана алда болды.

Осы екі балуан биылғы Азия чемпионатының финалында жолығып, онда да Фумитаның бағы басым болған-ды. Дегенмен əлем біріншілігіне тұңғыш рет қатысып, бірден вице-чемпион атанған Айнағұловтың табысын олқысынбақ емеспіз. Ақтөбелік балуан бұл əлемдік додада Демеу Жадыраевпен (71 келі) бірге Қазақстан еншісіне екі күміс қосты. 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here