Даңқты теннисші Роджер Федерер (Швейцария) «Уимблдонның» финалында хорват Марин Чиличті 3:0 (6:3, 6:1, 6:4) есебімен ұтып, биылғы екінші «Үлкен дулыға» турнирін ұтып алды. Жыл басында ол Австралияның ашық біріншілігінде топ жарған болатын.

Федерер «Үлкен дулыға» турнирлерін осымен 19-рет жеңіп алып отыр. Бұл – ерлер арасындағы рекорд. Ал «Уимблдонда» дара шығу көрсеткіші бойынша да 36 жастағы ардагерге тең келетін ешкім қалмады. Федерер биыл бұл даңқты жарысты 8-рет жеңіп алып, Пит Сампрасты (АҚШ) артқа тастады.

Әйелдер арасында испаниялық Гарбинье Мугуруса чемпион атанды. Ол финалда Винус Уильямсты ұтты.

Осы сында үшінші айналымға дейін жетіп, хорват қызы Петра Мартичтен жеңілген Зарина Диас әлемдік рейтингте алға 16 қадам жасады. Қазір Диас 114-орында тұр. Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева бұл жолы алғашқы айналымнана аса алмай, 4 саты кері шегінді (44-орын). Турнирге қатыса алмаған Ярослава Шведова бірден 33 орын жоғалтып, 83-орынға түсіп кетті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here