Ермұхамед МӘУЛЕН

Алматы универсиадасында медальдар саны бойынша рекорд жаңарттық. Қазақстан студенттері өз тарихында бір Универсиадада 36 медаль алып көрмеген еді. Осыған дейін тек шаңғышыларымыз ғана абыройымызды асқақтататын. Тіпті, кейбір Универсиадада тек шаңғышылар ғана медаль алып қайтқан кездер болды.

Бұл жолы  фристайл спорты алғашқы орынға шықты. Ал шаңғышылар аса қатты қуанта қоймады. Универсиада ойындарының тарихында 5 дүркін жүлдегеріміз бар. Ол — павлодарлық шаңғышы Анна Шевченко.

Бұл Универсиаданың тағы бір жаңалығы бар. Бұрын-соңды біздің спортшыларымыз 5 спорт түрінен ғана медаль алып келді. Енді олардың қатары тағы екіге көбейді. Олар — шорт-трек және конькимен жүгіру.  

Алматы-2017

  Алтын Күміс Қола Барлығы
Фристайл

 

5 1 3 9
Биатлон 3 3 2 8
Шаңғы 2 2 5 9
Мәнерлеп сырғанау 1 0 0 1
Шорт-трек 0 1 5 6
Хоккей 0 1 0 1
Конькимен жүгіру 0 0 2 2
  11 8 17 36


Жалпы кесте. 1993-2017

Шаңғы 14 10 15 39
Фристайл 8 2 4 14
Хоккей 1 4 1 6
Биатлон 4 4 2 10
Мәнерлеп сырғанау 2 0 1 3
Шорт-трек 0 1 5 6
Конькимен жүгіру 0 0 2 2
  29 21 30 80

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here