Қазақстан кубогы. Финал

«Қайсар» — «Атырау» – 2:1 (Зенькович, 88, Нәрзілдаев, 120+3 – Гжельчак, 67)

Ескерту: Джошуа, 4, Барсегян, 70,  Марочкин, 80 – Абдрахманов, 53, Нгвем, 68, Қалменов, 70, Шабаев, 105+1, Жұматов, 105+2, Антипов, 116, Қалмұратов, 120+5)

Тағыберген, 70, Нгвем, 93 минутта алаңнан қуылды.

«Қайсар»: Григоренко, Әмірсейітов (Садовничий, 86), Барсегян (Гурман, 120+4), Битанг (Зенькович, 84), Граф, Джошуа (Букия, 72), Ламанж, Марочкин, Мбомбо, Нәрзілдаев, Тағыберген (к)

«Атырау»: Маркович, Абдрахманов (Мәкуов, 90+3), Абдулавов (Жұматов, 51), Аблитаров (к), Бруно, Габышев (Бубакар, 74, Антипов, 113), Гжельчак, Қалмұратов, Нгвем, Оспанов, Шабаев

Төреші – Тимур Құмашев (Нұр-Сұлтан). 

6 қазан. Нұр-Сұлтан, «Астана Арена». 4500 көрермен

«Қайсар» соңғы рет 1999 жылы Қазақстан кубогын жеңіп алған еді. Сол жылы қызылордалықтар Өскеменнің «Востогын» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

«Атырау» соңғы үш жылда кубок финалына шыққанмен, үшеуінде де табысқа жете алмады. 2017 және 2018 жылдары Алматының «Қайратына» екі рет 0:1 есебімен жол берсе, бұл жолы қосымша уақыттың соңғы секундтарында жеңіс голын жіберіп алды.

Қызылордалық команда финалға дейін «Оңтүстік академиясы» (2:1), «Ертіс» (2:1), «Тобыл» (0:1 және 3:1) командаларын жолда қалдырды.

Бір қызығы, осы кездесуде мергендік танытқан И.Зенькович те, Д.Нәрзілдаев та биыл Қазақстан премьер-лигасында доп соқпаған еді.

Марк Гурман төртінші рет кубок жеңімпазы атанды. Ол 2010 жылы «Локомотив» (қазіргі «Астана») сапында, 2014 және 2015 жылдары «Қайрат» сапында финалда ойнап, жеңімпаздар тұғырына көтерілді. Ал қақпашы Александр Григоренко 2009 жылғы кубок финалында «Шахтер» қақпасын қорғап, «Атыраудан» жеңілген еді (0:1). Он жылдан кейін ол енді жеңімпаз команданың қақпашысы болды.

«Қайсар» өз тарихында тұңғыш рет еурокубокқа қатысады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here