Лондон олимпиадасындағы 4 чемпионымыздың — Илья Ильиннің, Светлана Подобедованың, Майя Манезаның және Зүлфия Чиншанлоның алтын жүлдеден айырылып қалу қаупі жоғары екенін жұрттың бәрі біледі. Олар тапсырған сынамадан анаболикалық құралдар қалдығы табылды. Бірақ шешім әлі шыққан жоқ.
Бұл аз болғандай, енді Бейжің олимпиадасында олжа салған Илья Ильин, Ирина Некрасова және Мария Грабоветская сияқты зілтеміршілеріміздің сынамасы да оң нәтиже бергені анықталып жатыр. Бейжіңде IV орын алған Владимир Седов та «қара тізімде» бар.
Күні кеше Бейжіңде жүлде алған Ресей, Беларусь және Қазақстан еркін күрес балуандарының жүлдесіне де көлеңке түскені мәлім болды. Таймураз Тигиев пен Елена Шалыгина да допинг бойынша айыпталуы мүмкін.
Бірақ нақты шешім шыққанша байбалам салудың қажеті жоқ.
Әзірше «допингпен айыпталған спортшылар саны қанша, олардың медальдары қайтарылып алынды ма» — осы тектес сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
2015 жылдың соңына дейін:
1. 77 спортшы (команда) олимпиада жүлделерінен айырылды;
2. Олардың 11-іне жүлделер кейін қайтарылып берілді;
3. Жеңіл атлеттер 24 рет (кейін қайтарылған медальдар — 6) айыпталды;
4. Ауыр атлеттер 16 рет айыпталды;
5. АҚШ спортшылары 15 рет (4 медаль қайтарылды) айыпқа жығылды;
6. Ресей спортшылары 11 рет айыпталып, ешбір медаль кейін қайтарылған жоқ;
7. Нәтижесі көбірек қайта қаралған олимпиада — Сидней-2000 (16 медаль, кейін иесіне қайтарылғаны — 2);
8. Афина-2004 олимпиадасында 15 медаль иесі айыпқа жығылды, ешқайсысына жүлде қайтарылған жоқ.
Ең алғаш допинг қолданғаны үшін 1968 жылы Мехикода Швецияның қазіргі бессайыс құрамасы медалін кері қайтарды. Бұл құраманың мүшесі Ханс-Гуннар Лиенваль алкоголь қолданғаны үшін айыпталды. Ол бессайыстың нысана көздеу бағдарламасында қолы қатты дірілдеп, ширығып тұрған соң аздап алкогольдік ішімдік ішкен. Бірақ сайыстан кейін қан тапсырғанда, оның құрамынан 0,81 промилле этил спирті шыққан.

Лиенваль
1992 жылғы Барселона олимпиадасына дейін 13 спортшы допинг қолданғаны үшін айыпталды. Олардың арасында атақты Бен Джонсон (Канада) да бар. Оның станозолол мен фурабазол сияқты препараттарды қолданғаны анықталған. Әуелде Джонсон өзінің «сүттен ақ, судан таза» екенін айтып ақталғанмен, кейін бәрібір мойындады. Сөйтіп, 1981 жылдан бері жеңіп алған медальдарынан айырылды. 1993 жылы Джонсон өмір бойына спорттан аластатылды.

Джонсон
1992 жылғы Барселона олимпиадасында ТМД құрамасы атынан сынға түскен ауыр атлет Ибрагим Самадов (82,5 келі) қола жүлдені алудан бас тартқаны үшін айыпталды. Ол салмағының сәл ауырлығынан ғана Пиррос Димас (Грекия) мен Кшиштоф Семионнан (Польша) жеңіліп қалғанына назаланып, қола медальді тұғыр үстіне қойып кетіп қалды. Осы қылығы үшін ХОК Самадовты өмір бойына айыптады, бірақ кейін үкімді сәл жұмсартты. Самадов Қазақстан атынан да сынға түсіп көрмек болды, бірақ бұрынғы биігіне көтеріле алған жоқ. 2008 жылы дәл осындай қылығы үшін швед балуаны Ара Абрамян да медалінен айырылды. Ол 84 келі салмақта жеңіп алған қола жүлдесін кілем үстіне тастап, залдан шығып кеткен болатын. Ол жартылай финалда италиялық балуан Андреа Мингуццимен белдесуде төрешілердің бұра тартқанына наразылығын солай білдіргісі келген.

Самадов

Greco-Roman wrestler Ara Abrahamian of Sweden places his bronze medal at the center of the competition mat in protest of the result in the men's Greco-Roman 84kg wrestling category during the 2008 Beijing Olympic Games on August 14, 2008. The Swede, who won the silver in the Athens Olympics, grudgingly climbed the podium but stormed off in a huff after receiving his prize, which he left on mat before stalking off the stage. AFP PHOTO / Peter PARKS (Photo credit should read PETER PARKS/AFP/Getty Images)

2000 жылы Сиднейде Қытай спортшысы Дун Фансяоның кесірінен осы елдің спорттық гимнастика құрамасы командалық жарыстың қола жүлдесінен қағылды. Фансяоның жасы үлкейтіліп жазылғаны белгілі болған. Шындығында, 12 әлде 14 жастағы қыз жасын 16-да деп көрсеткен.

Фансяо

Ал әуелі айыпталып, кейін жүлдесі өзіне қайтарылып берілген спортшылардың басым бөлігі өзінің ақтығын Халықаралық арбитраждық сотта (ХАС) дәлелдеп шыққан.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here