Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси эль-класикода «Реал» қақпасына 2 гол енгізіп, «Барселона» сапындағ дәл соққылар санын 500-ге жеткізді.

newsfcbarcelona.com сайты жасаған инфографика бойынша Месси:
— «Камп Ноу» стадионында — 282 гол;
— сырт алаңдарда — 218 гол соққан.
— 73 голды — айып алаңының сыртынан;
— 427 голды — айып алаңының ішінен енгізген.
— 75 голды — оң аяғымен;
— 401 голды — сол аяғымен;
— 23 голды — баспен;
— 1 голы кеудемен соққан.

Месси 500 голды қандай турнирлерде соқты?
— 343 гол — Ла-Лига;
— 94 — Чемпиондар лигасы;
— 43 — Испания кубогы;
— 12 — Испания Суперкубогы;
— 5 — клубтар арасындағы әлем чемпионаты;
— 3 — УЕФА суперкубогы.

Лионель Месси – бір команда сапында 500 гол соққан әлемдегі сегізінші футболшы .
1. Пеле («Сантос», Бразилия) — 643 гол
2. Герд Мюллер («Бавария», Германия) — 566
3. Фернанду Пейротеу («Спортинг», Португалия) — 544
4. Йозеф Бицан («Славия», Чехия) — 543
5. Джимми МакГрори («Селтик», Шотландия) — 522
6. Джимми Джонс («Гленавон», Солтүстік Ирландия) — 517
7. Уве Зеелер («Гамбург», Германия) — 507
8. Лионель Месси («Барселона», Испания) — 500

Месси, сондай-ақ, «Реал» қақпасына бесінші рет дубль жасады және класикода бұл көрсеткіш бойынша Альфредо Ди Стефаномен теңесті.

Бұдан бөлек, класикода Месси еншісінде 2 хет-трик бар. Бұл көрсеткіште ол Ди Стефаномен, Ференц Пушкашпен және Ласканомен тең.

Класико тарихындағы мергендер көшін де Месси бастап тұр. Қазір оның «Барселона» — «Реал» кездесулерінде енгізген 16 голы бар. Екінші орындағы Ди Стефанонікі — 14 доп.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here