Бүгін «Қайрат» командасы Еуропа лигасының І іріктеу кезеңінде Арменияның «Нұқ» («Ноа») командасымен кездеседі.

Бұған дейін еурокубоктарда Қазақстан мен Арменияның клубтары 5 рет кездескен. 2018 жылға дейінгі текетірестің бәрінде отандастарымыз жеңімпаз атанған еді. Екі жыл бұрын «Пюник» Еуропа лигасының ІІ іріктеу кезеңінде «Тобылды» сырт алаңда соққан добының арқасына жеңіп, бірінші рет армян клубтарының жеңімпаз атануына жол ашты.

04.07.2013 ж. ЕЛ. І іріктеу кезеңі. Ереван. «Гандзасар» — «Ақтөбе» — 1:2 (Дашян, 90 — Давыдов, 61, Тағыберген, 78)

11.07.2013 ж. Қарымта матч. Ақтөбе. «Ақтөбе» — «Гандзасар» — 2:1 (Кападзе, 2, 54 — Бегларян, 35). «Ақтөбе» келесі кезеңге шықты.

03.07.2014 ж. ЕЛ. І іріктеу кезеңі. Гюмри. «Ширак» — «Шахтер» — 1:2 (Дебле, 85-пенальтиден — Топчагич, 71, Малый, 83)

10.07.2014 ж. Қарымта матч. Қарағанды. «Шахтер» — «Ширак» — 4:0 (Кподо, 12-автогол, Қонысбаев, 29, Покривач, 45+1, Финонченко, 49). «Шахтер» келесі кезеңге шықты.

03.07.2014 ж. ЕЛ. І іріктеу кезеңі. Ереван. «Пюник» — «Астана» — 1:4 (Папикян, 68 — Нөсербаев, 40, Жолшиев, 67, Кетевоама, 71, Курдов, 84)

10.07.2014 ж. Қарымта матч. Астана. «Астана» — «Пюник» — 2:0 (Жолшиев, 13, Шомко, 78). «Астана» келесі кезеңге шықты.

16.07.2015 ж. ЕЛ. ІІ іріктеу кезеңі. Алматы. «Қайрат» — «Алашкерт» — 3:0 (Исламхан, 14-пенальтиден, Гоу, 55, Деспотович, 69)

23.07.2015 ж. Қарымта матч. Ереван. «Алашкерт» — «Қайрат» — 2:1 (Аракелян, 28, дос Сантос, 90+3 — Гоу, 45+2) «Қайрат» келесі кезеңге шықты.

26.07.2018 ж. ЕЛ. ІІ іріктеу кезеңі. Қостанай. «Тобыл» — «Пюник» — 2:1 (Федин, 49, Нұрғалиев, 80 — Корян, 90)

31.07.2018 ж. Қарымта матч. Ереван. «Пюник» — «Тобыл» — 1:0 (Конате, 82). «Пюник» келесі кезеңге шықты.

«Қайрат» командасы армениялық клубтармен бұған дейін бір рет кездесіп («Алашкерт», 2015 ж.), жеңіске жетті.

УЕФА коэффиценті кестесінде Қазақстан 2020/2021 маусымды 27 орында бастап отыр. Армения бізден 10 саты төменде, 37 орында.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here