Рио боз кілемінде еркін күрестен 74 келіде сынға түскен Ғалымжан Өсербаев – күрес түрлерінен олимпиадада он бірінші қола медалді қолынан сусытып алған оныншы қазақстандық балуан.
Ол алғашқы белдесуінде молдавиялық Евгений Недялконы – 13:2, 1/8 финалда кубалық Ливан Лопесті – 8:7, ширек финалда жапониялық Сосукэ Такатаниді 4:3 есептерімен жеңіп, жартылай финалда иран балуаны Хасан Язданидан 0:10 нәтижесімен жеңілді. Финалдық кездесуде Хасан Яздани ресейлік балуан Әнуар Гедуевті ұтып, олимпиада чемпионы атанды. Ал Ғалымжан Өсербаев қола үшін болған кездесуде түрік Сонер Теміртастан 0:6 есебіімен есе жіберді.
Қола жүлде үшін түркиялық балуандармен болған жеке есепке жүгінсек.
Жеңді:
— Ақжүрек Таңатаров (Лондон, 2012 жыл) – Рамазан Шахин
Жеңілді:
— Марид Мүтәлімов (Афины, 2004 жыл) – Айдын Полатчы
— Ғалымжан Өсербай (Рио, 2016 жыл) – Сонер Теміртас
Есеп – 1:2, түркиялықтар екі мәрте қоладан қаққан.
74осер

Дайындаған Серік Қантай

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here