IV турдың ысырылған матчы

25 тамыз

«Тобыл» — «Астана» — 2:0 (Нұрғалиев, 31, Мұжықов, 57)

  • «Тобыл» былтырғы үш кездесуде де «Астанадан» жеңілген еді.
  • «Астана» командасының қақпасына екі допты да «Астананың» бұрынғы футболшылары ұйымдастырды. Алғашқы гол пасын Р.Муртазаев шығарып берсе, екінші голға А.Нұрғалиев пен С.Мұжықов қатысты.
  • Бұл кездесуде қақпа маңдайшасы мен бағанына 5 соққы жасалды. Р.Муртазаев ойынның 18 және 20 минуттарында екі рет Непогодов қақпасының бағанын солқылдатса, Т.Барсегян 45+2 минутта, Р.Сигурйонссон 69 және 73 баған мен маңдайшаны кезек дәлдеді. Бір матчта бес рет қақпа жақтауларын дәл көздеу оқиғасы былтырғы маусымда болған жоқ еді.
  • Серікжан Мұжықов «Тобылға» ауысқан соң, алғашқы дәл соққысын өзінің бұрынғы командасының — «Астананың» қақпасына енгізді.
  • «Астана» өткен жылы 9 турда алғаш рет жеңіліп еді. Биыл 4 турда тізе бүгіп отыр.
  • Турнир кестесінде 15 ұпай жинаған «Қайраттың» соңында 10 ұпайы бар «Астана», «Тобыл», «Қайсар» және «Ордабасы» құйрық тістесіп келеді.
  • А.Нұрғалиев «Астана» қақпасына бесінші рет доп соқты. Ол «Тобыл» сапында — 4 рет, «Ордабасы» сапында бір рет елордалықтар қақпасын дәл көздеді.

«Тобыл» ФК фотосы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here