«Женесс» (Еш-сюр-Алзетт, Люксембург) – «Тобыл» — 0:0
«Женесс»: Соммер, Тодорович (к), Меддур, Фиорани, Клица, Дуриатти, Макота (Кьерех, 61), Менессу, Лапьерр (Морейра, 78), Де Соуза (Брендон Роса, 72), Штайнбах

«Тобыл»: Балаев, Кассай, Дмитренко, Квеквескири, А.Нұрғалиев (к), Валиуллин, Канкава, Себаи (Федин, 60), Жулпа, Гордейчук (Тұрысбек, 59), Бочаров

Ескерту: Валиуллин, 30, А.Нұрғалиев, 41, Себаи, 52, Жулпа, 64

Төреші – Е.Хамити (Албания)

10.07.2019 ж. Еш-сюр-Алзетт, La Frontière стадионы

«Тобыл» өз тарихында екінші рет еурокубокты тең нәтижемен бастады. Бұған дейін 2009 жылы Еуропа лигасының ІІ іріктеу кезеңінде қостанайлықтар «Галатасараймен» (Түркия) 1:1 есебімен тең ойнаған-ды.

«Тобыл» еурокубоктарда екінші рет 0:0 есебімен тең түсіп отыр. Алғаш рет қостанайлықтар 2006 жылы УЕФА кубогының І іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта өз алаңында «Базельмен» есеп ашпай тең ойнап, келесі кезеңге шыға алмаған болатын.

«Женес» — қазақстандық клубтармен еурокубоктарда жолы түйіскен люксембургтік алғашқы команда.

Бұл – «Тобылдың» еурокубоктардағы 29 (жиырма тоғызыншы) ойыны. Әзірге көрсеткіш тең: 12 жеңіс, 5 тең ойын, 12 жеңіліс.

«Тобыл» еурокубоктарда сырт алаңда бірінші рет тең ойнады.

Еурокубоктардағы 29 кездесуде «Тобыл» 13 (он үшінші) матчта өз қақпасын «құрғақ» ұстады, яғни доп жіберген жоқ.

Руслан Валиуллин еурокубоктардағы алғашқы матчын өткізді.

Қарымта кездесу 18 маусымда «Астана-Арена» стадионында өтеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here