Америка кубогы

Финал. 7 шілде

Бразилия – Перу – 3:1 (Эвертон, 15, Габриел Жезус, 45+3, Ришарлисон, 90-пенальтиден – Герреро, 44-пенальтиден)

Бразилия құрамасы өз елінде өткен турнирде жеңіске жетіп, тоғызыншы рет Copa America жеңімпазы атанды. Турнирдің бас мергені атағын үш доптан енгізген Эвертон (Бразилия) мен Хосе Паоло Герреро (Перу) бөлісті. Перу құрамасы тұңғыш рет құрлық додасының күміс жүлдесін иеленіп отыр.

Бразилия құрамасының капитаны Дани Алвес футболдағы 40-жүлдесіне қол жеткізді. Әлемде одан атақты ешкім жоқ.

Дани Алвес жеңіп алған жүлделер мынадай:

«Севилья» (Испания), 2003-2008

УЕФА кубогы – 2, УЕФА суперкубогы – 1, Испания кубогы – 1, Испания  суперкубогы – 1.

«Барселона» (Испания), 2008-2016

Чемпиондар лигасы – 3, клубтық әлем чемпионаты – 3, УЕФА суперкубогы – 3, Испания Ла-лигасы – 6, Испания кубогы – 4, Испания суперкубогы – 4.

«Ювентус» (Италия), 2016-2017

А сериясы – 1, Италия кубогы – 1.

ПСЖ (Франция), 2017-2019

Лига 1 – 2, Франция суперкубогы – 2, Франция кубогы – 1, лига кубогы – 1.

Бразилия құрамасы, 2006 жылдан бері қарай

Copa America – 2, Конфедерация кубогы – 2.

Бұдан бөлек, оның «Байя» командасы сапында жеңіп алған тағы үш штаттық атағы бар. Сондай-ақ Дани Алвес – жастар арасындағы әлем чемпионы.

Қазір ол командасыз жүр. ПСЖ-мен келісімшарт осы жазда аяқталды. Енді Алвес «Барселонаға» оралуы мүмкін.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here