Еркін күрес. Азия чемпионаты

Сиян (Қытай). 23 сәуір

Қытайдың Сиянь қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні боз кілемге шыққан еркін күрес балуандары арасынан қазақстандықтар 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді 70 келі салмақта күрескен Нұрқожа Қайпанов салды.

70 келі

1/8 финал. Нұрқожа Қайпанов – Кәрам Шахир Махмұд (Ирак) – 0:0

¼ финал. Нұрқожа Қайпанов – Батыр Боржақов (Түркіменстан) – 11:0

½ финал. Нұрқожа Қайпанов – Әлиакбар Емамишогаеи (Иран) – 12:2

Финал. Нұрқожа Қайпанов – Коджиро Шига (Жапония) – 9:0

65 келі салмақ дәрежесінде Саятбек Оқасов та финалға шығып, күміс медаль еншіледі.

65 келі.

1/8 финал. Саятбек Оқасов – Қажы Мұхаммад Әли (Бахрейн) – 9:1

¼ финал. Саятбек Оқасов – Ерназар Ахметәлиев (Қырғызстан) – 10:0

½ финал. Саятбек Оқасов – Хаң Соң Ким (Оңтүстік Корея) – 4:4

Финал. Саятбек Оқасов  – Бажраң (Үндістан) – 7:12

79 келіде Ғалымжан Өсербаев қола медаль үшін болған белдесуде жапониялық балуанды жеңіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

79 келі

1/8 финал. Ғалымжан Өсербаев – Азамжон Юсупов (Тәжікстан) – 10:0

¼ финал. Ғалымжан Өсербаев – Нәдірбек Егамбердиев (Өзбекстан) – 8:0

½ финал. Парвен Рана (Үндістан) – Ғалымжан Өсербаев – 3:2

3 орын үшін. Ғалымжан Өсербаев – Юта Абе (Жапония) – 6:0

97 келі салмақ дәрежесінде Әлішер Ерғали да қола жүлдегер атанды.

97 келі

¼ финал. Әлішер Ерғали – Мин Во Сео (Оңтүстік Корея) – 6:2

½ финал. Реза Әли Яздани (Иран) – Әлішер Ерғали  – 9:3

3 орын үшін. Әлішер Ерғали – Магомед Мұсаев (Қырғызстан) – 6:2

57 келіде сынға түскен Мейрамбек Қартбай алғашқы қарсыласынан жеңіліп, жүлдеге жете алмады.

1/8 финал. Мейрамбек Қартбай – Кумар Рави (Үндістан) – 4:9

Бұл туралы wrestling.kz сайты хабарлады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here