Olimpbet-Қазақстан чемпионаты

V тур. 21-22 тамыз

«Ордабасы» — «Каспий» — 1:0 (Жоао Паулу, 44)

«Қайрат» — «Тобыл» — 3:1 (Косович, 6, 48, Дугалич, 16 — Аветисян, 66)

«Астана» — «Оқжетпес» — 2:0 (Сигурйонссон, 45+2-пенальтиден, Жалмұқан, 80)

«Қайсар» — «Жетісу» — 1:0 (Лобжанидзе, 45)

«Қызылжар» — «Шахтер» — 1:3 (Енаке, 78 — Буйволов, 14, Ламанж, 85, Тәттібаев, 90+3)

  • «Қайрат» командасы қатарынан үшінші кездесуде қарсыластар қақпасына үш гол соқты. Алматылықтар көш бастап келеді.
  • «Каспий» мен «Оқжетпес» алғашқы бес турда да жеңілді. Өткен жылы алғашқы бес турда да қарсыластарына есе жіберген ешбір команда болмаған еді.
  • «Шахтер» командасының шабуылшысы Айдос Тәттібаев Қазақстан чемпионаттарындағы 10 добын енгізді. Ол үш жыл үзілістен кейін премьер-лигада гол соқты. Мұның алдында Тәттібаев 2017 жылдың 20 мамырында Астанада «Астана» қақпасына қарымта доп енгізген еді.
  • Бұл тур айып соққыларының туры болды. «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Небойша Косович (екі рет), «қызылжарлық» Габриель Енаке тура айып соққысымен допты қақпада тулатса, «кеншілер» сапынан Буйволов пен Ламанж айып соққысы арқылы доп соқты. Бұған дейін бір турда 5 айып соққысынан кейін гол соғылмаған еді.
  • V турда Аветисян («Тобыл»), Жалмұқан («Астана») және Тәттібаев («Шахтер») джокерлік гол авторы атанды. Бұған дейін ІІІ турда да үш джокер мергендік танытқан еді.
  • Джокерлік гол саны бойынша «Тобыл» осы турда «Қайратты» қуып жетті. Бұған дейінгі турларда «Қайрат» сапынан Әбікен, Шушеначевтер (2 рет) ойынға екінші таймнан араласып гол соққан болса, «тобылдықтар» Нұрғалиев пен Өміртаев қатарына енді Аветисян қосылды.
  • «Ордабасы» вингері Жоао Паулу екінші тур қатарынан мергендік танытып, жеңіс голын соғып отыр. IV турда оның дәл соққысы «Жетісуды» тізерлетуге (3:2) жарап еді, бұл жолы «Каспийді» ұпайсыз қайтаруға жеткілікті болды.
  • «Қайсар» мергені Елгуджа Лобжанидзе қайшылап теуіп, «Жетісу» командасын жерге қаратып қана қойған жоқ. Ол биыл соққан үш добымен де өз командасына жеңіс сыйлап отыр. Алайда І турдағы «Қайсар» — «Ертіс» матчының нәтижесі жойылғандықтан, грузин сұрмергені де Жоао Паулу («Ордабасы»), Н.Әліп («Қайрат) және А.Нұрғалиев («Тобыл») сияқты, әзірше екі жеңіс голының иесі болып қала тұрады. (ҚКФЛ фотосы)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here