Ұлттар лигасы. ІІ тур

С лигасы. 4 топ

ҚАЗАҚСТАН — БЕЛАРУСЬ — 1:2

Голдар: М.Бордачев (И.Стасевич), 54 (0:1), А.Әйімбетов, 63 (1:1),
В.Лисакович, 87 (1:2)

Ескерту: А.Бейсебеков, 15; Г.Сүйімбаев, 40; М.Ебоң, 73; С.Малый, 88

ҚАЗАҚСТАН: 1.С.Покатилов; 11.Я.Вороговский; 22.А.Марочкин; 2.С.Малый; 3.Н.Әліп; 16.Г.Сүйімбаев; 21.А.Бейсебеков; 6.А.Әбікен; 20.М.Федин (5.И.Қуат, 64); 9.Б.Исламхан (14.Ю.Перцух, 81); 17.Ә.Айімбетов (18.С.Хижниченко, 72)
БЕЛАРУСЬ: 1.А.Гутор; 21.М.Бордачев; 4.Н.Наумов; 3.А.Мартынович; 13.Н.Золотов; 22.И.Стасевич; 14.Е.Яблонский; 9.М.Ебоң (18.А.Хачатурян, 85); 23.П.Нехайчик (19.Д.Подстрелов, 80); 2.С.Драгун; 11.М.Скавыш (17.В.Лисакович, 56)

Төреші Г.Круашвили (Грузия)

07.09.2020. Алматы. Орталық стадион. Жанкүйерсіз

Ойын статистикасы:

Барлық соққы: 10 — 14
Тура соққы: 3 — 6
Маңдайша, баған: 1 — 0
Бұрыштама: 2 — 5
Офсайд: 2 — 1
Фолдар: 17 — 10

Қазақстан құрамасы Литвамен ауыр кездесуден кейін құрамда біраз өзгеріс жасады. Б.Зайнутдиновтың литвалықтармен ойында алған жарақаты мүмкіндік бермеді, оны М.Федин алмастырды. Ғ.Сүйімбаев қорғанысқа оралып, шабуылда негізгі құрамда А.Әйімбетовке орын табылды.

Бірінші тайм тең аяқталды. Ал екінші таймның басында қорғаушы М.Бордачев есеп ашты. Араға 10 минут салып Әйімбетов есепті теңестірген еді. Алайда ойын аяқталуға 3 минут қалғанда Сүйімбаев допты қақпашыға ауттан лақтырғанда, Беларусь шабуылшысы Лисакович іліп алып, ашық қақпаға жеңіс добын енгізді.

Беларусь құрамасы Қазақстан үшін ең ыңғайсыз қарсыластың бірі болып қалып отыр. Екі құрама арасындағы 4 кездесудің үшеуінде солар жеңіске жетті, 1 ойын ғана тең аяқталды.

М.Бордачев құрама сапындағы 3 голының екеуін Қазақстан қақпасына соқты. Ол 2009 жылдың 10 қазанында әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Брестте өткен кездесуде де (4:0) мергендік танытқан еді.

В.Лисакович құрама сапындағы алғашқы добын Қазақстанға енгізіп отыр.

В.Лисакович — Қазақстан қақпасын дәл көздеген 43 (қырық үшінші) джокер. Ол 56 минутта М.Скавышты алмастырған еді.

Бұл кездесуде Б.Исламхан мен Ғ.Сүйімбаев құрама сапындағы 45 және 35 ойындарын өткізді.

А.Әйімбетов құрама сапындағы алғашқы добын сегізінші кездесуде енгізді.

Бұл күні Албания құрамасы өз алаңында Литвадан 0:1 есебімен жеңілді. Қазір 4 топтағы 4 командада да 3 ұпайдан бар.

Келесі турда (10 қазан) Қазақстан — Албания, Литва — Беларусь кездесулері өтеді.

kff.kz фотосы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here