Чемпиондар лигасы

12 ақпан. 1/8 финал. Алғашқы матч

«Манчестер Юнайтед» — ПСЖ – 0:2 (Кимпембе, 53, Мбаппе, 60)

ПСЖ қақпашысы Джанлуиджи Буффон Чемпиондар лигасының негізгі турнирінде 50 «құрғақ матч» өткізген үшінші қақпашы болып тіркелді. Ол осы көрсеткішке 121 ойында қол жеткізді. Бұған дейін Буффон 49 «құрғақ матчты» «Ювентус» сапында өткізген еді. Биылғы маусымда ол ПСЖ-ға көшіп, топтық турнирдегі үш кездесуде де («Наполи» — 1:1, «Ливерпуль» — 2:1, «Црвена Звезда» — 4:1) қақпасына доп енгізіп алды.

Жалпы, Чемпиондар лигасындағы «құрғақ ойындар» рекордшысы – Икер Касильяс («Реал», «Порту»). Ол 174 кездесудің 57-сінде қақпасына доп соқтырмады.

Екінші орында – Эдвин Ван дер Сар («Аякс», «Ювентус», «Манчестер Юнайтед»). Голландиялық қақпашы 98 кездесудің 51-інде қақпаны берік ұстады.

Буффон енді бір «құрғақ матч» өткізсе, Ван дер Сарды қуып жетеді.

globallookpress.com фотосы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here