Қазақстан кубогы

1/8 финал. 10 сәуір

«Каспий» — «Қайрат» — 1:1, пенальтиден 5:6

«Қайрат» командасының қорғаушысы Елдос Ахметов осы ойында өзінің спорттық ғұмырындағы 12-қызыл қағазын алды. Бас-аяғы он жыл ішінде ол өзі өнер көрсеткен 4 команда сапында да дөрекілігінен танбай отыр. Төрт түрлі сынның үшеуінде (еурокубоктардан басқа, ұлттық құрама сапында, Қазақстан премьер-лигасында және Қазақстан кубогында) ол алаңнан қуылды. Соңғы жылдарда Елдостың Қазақстандағы ең дөрекі ойыншылар санатына кіретіні сөзсіз.

2009 жыл. «Ертіс»

Премьер-лигадағы алғашқы маусымында Ахметов 3 ескерту алды.

2010 жыл. «Ертіс» (1 қызыл қағаз)

11.09.2010 ж. ҚПЛ. 24 тур. «Тобыл» — «Ертіс» — 4:0

Бұл кездесуде Ахметов 50 минутта алаңнан қуылды. Қалған уақытта «Ертіс» өз қақпасына тағы 2 гол жіберіп, ойсырай жеңілді.

2010 жылы Е.Ахметов премьер-лигада 8 рет ескерту алып, 1 рет алаңнан қуылды. Қазақстан кубогында 1 ескерту алды.

2011 жыл. «Ертіс» (1 қызыл қағаз)

22.10.2011 ж. ҚПЛ 31 тур. «Ақтөбе» — «Ертіс» — 2:0

Ахметов 21 минутта ескерту алып, 77 минутта алаңнан қуылды. Матч есебі өзгерген жоқ. Бұл маусымда Елдос премьер-лигада 13 ескерту алып, 1 рет алаңнан қауылды. Қазақстан кубогында – 1 ескерту.

2012 жыл. «Тараз» (1 қызыл қағаз)

24.09.2012 ж. ҚПЛ. 23 тур. «Тобыл» — «Тараз» — 0:1

Ахметов екінші таймның басында (46 минут) ескерту алып, 69 минутта алаңнан қуылды. «Тараз» жеңісті сақтап қалды. Бұл жылы: премьер-лигада – 3 ескерту, 1 қызыл қағаз, Қазақстан кубогында – 0.

2013 жыл. «Тараз», «Астана» (1 қызыл қағаз)

22.05.2013 ж. ҚПЛ. 12 тур. «Ақжайық» — «Тараз» — 1:0

Ахметов 46 минутта – бірінші, 83 минутта екінші есертуін алып, алаңнан кетті. «Тараз» өз қақпасына 5 минуттан кейін гол жіберіп алды. 2013 жыл: премьер-лига – 4 ескерту, 1 қызыл қағаз, Қазақстан кубогы – 0.

Жазбаның 11:35 минутында.

2014 жыл. «Астана» (0 қызыл қағаз)

Ахметов алаңнан қуылмаған екінші маусым – осы 2014 жыл. Ол премьер-лигада – 4, Қазақстан кубогында 2 ескертумен шектелді.

2015 жыл. «Астана» (1 қызыл қағаз)

11.09.2015 ж. ҚПЛ. 25 тур. «Ордабасы» — «Астана» — 2:3

Ахметов 20 минут ішінде (45 және 65 минуттар) бас төреші В.Антоновтан екі ескерту алып, алаңнан қуылды. Бұл кезде есеп 2:2 еді. «Астаналықтар» ойынның соңғы минуттарында бәрібір жеңіс голын соғып кетті. 2015 жыл: премьер-лига – 6 ескерту, 1 қызыл қағаз, Қазақстан кубогы – 1 ескерту, еурокубоктар – 1 ескерту.

2016 жыл. «Ертіс» (2 қызыл қағаз)

21.05.2016 ж. ҚПЛ. 7 тур. «Ертіс» — «Ақжайық» — 0:0

78 минутта Елдос алаңнан тікелей қуылды. Матч есебі өзгерген жоқ.

07.06.2016 ж. Жолдастық кездесу. Қытай – Қазақстан – 0:1

Дальян қаласында өткен кездесудің екінші таймында Ахметов 7 минут ішінде (75 және 82 минуттар) австралиялық төреші К.Биттің «қаһарына екі рет ұшырап», алаңнан қуылды. Отандастарымыз жеңіс голын сақтап қалды.

2016 жыл: ұлттық құрама – 3 ескерту, 1 қызыл қағаз, премьер-лига – 4 ескерту, 1 қызыл қағаз, Қазақстан кубогы – 1 ескерту.

2017 жыл. «Қайрат» (3 қызыл қағаз)

12.03.2017 ж. ҚПЛ. 2 тур. «Қайрат» — «Оқжетпес» — 2:2

Ахметов 45 және 53 минуттарда 2 рет ескерту алып, алаңнан кетті. Бұдан кейін қос команда бір-бір доп соғып, тең нәтижемен тарқады.

30.09.2017 ж. ҚПЛ. 29 тур. «Ертіс» — «Қайрат» — 1:1

Бірінші таймның соңғы минутында Ахметов бірінен кейін бірін – екі ескерту алып, алаңнан шеттетілді. Есеп ойын соңына дейін өзгерген жоқ.

24.05.2017 ж. Қазақстан кубогы. ½ финал. «Ордабасы» — «Қайрат» — 0:0

Ахметов төреші Игорь Алешиннен 45+2 және 72 минуттарда ескерту алып, ойынды ерте аяқтады. «Қайрат» тең нәтижені сақтай алды, қарымта кездесуде Елдостың көмегінсіз-ақ 3:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

2017 жыл: премьер-лига – 4 ескерту, 2 қызыл қағаз, Қазақстан кубогы – 1 ескерту, 1 қызыл қағаз, еурокубоктар – 1 ескерту.

2018 жыл. «Қайрат» (1 қызыл қағаз)

26.09.2018 ж. ҚПЛ. 25 тур. «Қайсар» — «Қайрат» — 1:2

Ахметов 68 және 76 минуттарда ескерту алып, алаңнан кетті. Есеп өзгерген жоқ. 2018 жыл: премьер-лига – 4 ескерту, 1 қызыл қағаз, Қазақстан кубогы – 0.

2019 жыл. «Қайрат» (әзірше 1 қызыл қағаз)

10.04.2019 ж. Қазақстан кубогы. 1/8 финал. «Каспий» — «Қайрат» — 1:1

27 минутта шабуылшы Б.Чубрилоға қол сілтегені үшін Ахметов алаңнан қуылды. Бұған дейін 12 минутта «Қайраттың» тағы бір орталық қорғаушысы Нұралы Әліп те Чубрилоға қарсы дөрекі ойнап, алаңнан кеткен болатын. «Қайрат» бұдан кейін  қарсыластан доп жіберіп алғанына қарамастан, ойын соңындағы пенальтиде жеңіске жетті.

Әзірше 2019 жылғы маусымда оның іншісінде 1 қызыл қағаз және 1 ескерту бар (ұлттық құрама сапында).

Қорыта келгенде:

ҚПЛ – 49 ескерту, 9 қызыл қағаз

Қазақстан кубогы – 7 ескерту, 2 қызыл қағаз

Ұлттық құрама – 4 ескерту, 1 қызыл қағаз

Еурокубоктар – 2 ескерту

Барлығы: 62 ескерту, 12 қызыл қағаз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here