Әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль (Испания) «Ролан Гаррос» турнирінің төртінші айналымында германиялық Максимилиан Мартерерді 6:3, 6:2 және 7:6 есептерімен жеңді. Бұл оның спорттық ғұмырындағы 900-жеңісі болып тіркелді. Теннистің ашық дәуірінде мұндай көрсеткішке бұрын-соңды 4-ақ теннисші жеткен болатын. Енді Джимми Коннорс, Роджер Федерер, Иван Лендл және Гильермо Виласпен бір сапқа Надаль да тұрды. Осы бестік ішінде Надальдан бөлек, Федерер ғана әлі ойнап жүр. Дегенмен оның жеңіс саны Рафа үшін әлі тым көп – 1149.

Бұл кездесу «Үлкен дулыға» турнирлерінде Рафаэль жеңіске жеткен 234-матч болып отыр. Осы көрсеткіш бойынша ол таза үшінші орынға шықты. Бірінші орындағы Федерерде «Үлкен дулығаның» жеңісті 332 матчы, Новак Джоковичтің 244 кездесуі бар.

Дегенмен Надаль үшін «Ролан Гаррос» өте ыңғайлы турнир екенін ұмытпайық. Ол бұл жарыста 10 рет топ жарды. Одан бөлек, 38 сетте қатарынан жеңіске жеткен жалғыз теннисші де сол.

Ширек финалда Рафа Диего Шварцманмен (Аргентина) кездеседі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here