Чемпиондар лигасы. І іріктеу кезеңі

 «Астана» – ЧФР (Клуж-Напока, Румыния) – 1:0 (Постников, 68)
«Астана»: Ерич (к), Рукавина, Ротариу, Сигурйонссон, Томасов (Янга, 58), Бейсебеков, Маевский, Шимунович, Логвиненко, Постников, Муртазаев (Мубеле, 84)
ЧФР: Арлаускис, Бурке, Паун (Майлат, 65), Омрани, Дяк, Сушич, Кулио, Хобан (Рондон, 75), Бордеяну (Коимбра Аурелиу, 90), Камора (к), Паулу Винисиус

Ескерту: Постников, 90+5 – Камора, 85

Төреші – Л.Виссер (Бельгия)
09.07.2019 ж. Нұр-Сұлтан. «АстанаАрена»

Қазақстан чемпионы «Астана» биылғы еуромаусымды сәтті бастады. Елордалықтар өз алаңында Румыния чемпионы ЧФР-ды бір доп айырмасымен жеңді.

Қорғаушы Евгений Постников «Астана» сапында еурокубоктардағы үшінші добын соқты. Бұған дейін ол ХИК (Финляндия, 4:3) және «Яблонец» (Чехия, 2:1) командаларының қақпаларын дәл көздеді. Ең бастысы, үш доп та «Астанаға» жеңіс сыйлады. 2015 жылдың 5 тамызында Чемпиондар лигасының ІІІ іріктеу кезеңіндегі қарымта матчтың 90+3 минутында Постников ХИК қақпасына жеңіс добын енгізді. Ал 2018 жылдың 8 қарашасында Еуропа лигасының топтық турниріндегі IV турда ол «Яблонец» қақпасына шешуші допты 88 минутта соқты.

Е.Постников қазақстандық клубтардың еурокубоктардағы мергендер көшінде үздік жетілікке енді.

«Астана» еуромаусымды төртінші рет жеңіспен бастап отыр. Бұған дейін 2014 жылы «Пюникті» (Армения) сырт алаңда – 4:1, 2017 жылы «Спартаксты» (Латвия) сырт алаңда – 1:0, өткен жылы «Сутьесканы» (Черногория) өз алаңында 1:0 есептерімен жеңіп, маусымашар матчты сәтті өткізген еді.

«Астана» еурокубоктардағы 23 (жиырма үшінші) жеңісіне қол жеткізді. Сөйтіп, бұл көрстекіш бойынша таразы басын жеңіс жағына аударды. Яғни, қазір «Астана» еншісінде 23 жеңіс, 18 тең ойын және 22 жеңіліс бар.

Румыния клубтары қазақстандық командаға тұңғыш рет тізе бүгіп отыр. 2014 жылы Чемпиондар лигасының ІІІ іріктеу кезеңінде «Стяуа» «Ақтөбеден» 2:2 және 2:1 есебімен басымдық танытқан еді.

Бұл кездесуде конголық шабуылшы Фирмин Мубеле «Астана» сапындағы алғашқы кездесуін өткізді.

Қақпашы Ненад Ерич еурокубоктардағы 14 (он төртінші) «құрғақ» матчын өткізіп, бұл көрсеткіш бойынша «Ақтөбе» мен «Ордабасының» бұрынғы қақпашысы Андрей Сидельниковты (13 «құрғақ» ойын) артқа тастады.

ЧФР қақпашысы Гедрюс Арлаускис 2014 жылы «Стяуа» сапында «Ақтөбеге» де қарсы ойнаған еді.

Қарымта кездесу 17 шілдеде Клуж қаласындағы Радулеску стадионында өтеді.

fca.kz фотосы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here