Бокстан Азия чемпионаты. Бангкок (Тайланд)

Жартылай финал. 25 сәуір

Ерлер

49 келі. Дипак (Үндістан) — Теміртас Жүсіпов — қабағы жарылған Жүсіповтің шаршы алаңға шығуына дәрігерлер рұқсат бермеді. Жүсіпов қола жүлдегер атанды.

60 келі. Зәкір Сафиуллин — Шива Тапа (Үндістан) — 4:1

64 келі. Баһадүр Усманов (Тәжікстан) — Санатәлі Төлтаев — 5:0. Төлтаев — қола жүлдегер.

75 келі. Тұрсынбай Құлахмет — Нұрсахет Паззыев (Түркменстан) — RSC-I R1 0:26 . Бар-жоғы 26 секунд ішінде Құлахмет қарсыласының мұрнын сындырып, финалға жолдама алды.

81 келі. Бек Нұрмағанбет — Еркін Әділбекұлы (Қырғызстан) — 5:0

91 келі. Ким Хион Кю (Оңтүстік Корея) — Василий Левит — КО R3 2:13 . Екі раунд бойы қарсыласынан басым болған Левит шешуші раундта қарсыласынан әуелі нокдаун алды, артынша тағы бір ауыр соққыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Левит — қола жүлдегер.

+91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев — Сатиш Кумар (Үндістан) — қарсыласы шықпағандықтан, финал жолдамасы Қамшыбекке жекпе-жексіз берілді.

Әйелдер

64 келі. Ду Дан (Қытай) — Милана Сафронова — 5:0. Сафронова — қола жүлдегер.

69 келі. Чен Ниен Чин (Тайпей) — Дариға Шәкімова — 5:0. Шәкімова қола жүлдегер атанды.

81 келі. Рани Пуджа (Үндістан) — Фариза Жолтай — 5:0. Жолтай Азия додасында жалғыз кездесу өткізіп, қола жүлдеге ие болды.

+81 келі. Ляң Сяоли (Қытай) — Ләззат Күнгейбаева — 3:0. Екі төреші тең есеп (28:28) белгілегенмен, басқа үшеуі Ляңды жеңімпаз деп таныды. Күнгейбаева қола жүлдемен қайтады.

kfb.kz фотосы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here