«Манчестер Юнайтед» командасының капитаны Уейн Руни Англия кубогының ІІІ кезеңінде «Рединг» қақпасына (4:0) алғашқы голды соқты. Бұл оның «МЮ» сапындағы 249-голы болатын. Сөйтіп, Руни манкуниандық клуб тарихындағы бас мерген сэр Бобби Чарльтонды қуып жетті.

Б.Чарльтон «МЮ» құрамында 1954-1973 жылдар аралығында өнер көрсетті. Руни 2004 жылдан бер ойнап келеді.

«Манчестер Юнайтед» тарихындағы мергендер ондығы:

1. Уейн Руни (2004-…) – 547 матч, 249 гол
2. Бобби Чарльтон (1954-1973) – 759-249
3. Денис Лоу (1962-1973) – 404-237
4. Джек Роули (1937-1955) – 424-211
5. Деннис Вайоллет (1952-1962) – 293-179
6. Джордж Бест (1963-1974) – 470-179
7. Джо Спенс (1919-1933) – 510-168
8. Райан Гиггз (1990-2014) – 963-168
9. Марк Хьюз (1983-1986, 1988-1995) – 467-163
10. Пол Скоулз (1994-2013) – 718-155

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here