Чемпиондар лигасы
1 тур

«Манчестер Юнайтед» — «Базель» — 3:0 (Феллаини, 35, Лукаку, 53, Решфорд, 84)

«Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Маркус Решфорд Чемпиондар лигасында өткізген алғашқы матчта гол соқты.

Бұл — 19 жастағы мергеннің алтыншы турнирдің алғашқы ойындарында соққан голы.

Бұған дейін Решфорд «манкуниандықтар» сапында Англия премьер-лигасындағы, Англия лигасы кубогындағы, Еуропа лигасындағы, сондай-ақ Англия жастар құрамасындағы және Англия ұлттық құрамасындағы бірінші матчтарда алаңнан голсыз кетпеген еді.

Решфорд — алғашқы ойында гол соққан Англия құрамасының ең жас футболшысы. Ол 2016 жылдың 27 мамырында Англия — Австралия кездесуінде 3 минутта есеп ашты. Бұл күні оған 18 жас, 209 күн толған-ды. Сөйтіп ол бұрынғы рекорд иесі Томми Лоутонды (19 жас, 16 күн) 183 күнге артқа тастады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here