«Астана» велокомандасы трансфер кезеңін аяқтап, 2018 жылғы құрамын жариялады. Бұл ақпарат команданың ресми сайтында жарияланды.
Маусым аралығында «Астанаға» 6 жаңа шабандоз келді. Олар — Евгений Гидис (Қазақстан), Магнус Корт (Дания), Омар Фраиле (Испания), Ян Хирт (Чехия), Уго Уле (Канада), Давиде Виллелья (Италия).
Команда 2018 жылғы толық құрамына енген спортшылар:
Қазақстан — Алексей Луценко (2017 жылғы Азия чемпионы, Dwars door Vlaanderen (Голландия) біркүндігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» суперкөпкүндігінің 5 кезең жеңімпазы, «Алматы турының» жеңімпазы (төртінші жыл қатарынан)
Жандос Бижігітов (2017 жылғы Қазақстан чемпионы — жеке жарыс, Азия чемпионы, Джиро д’Италия суперкөпкүндігіне қатысушы — 160 орын)
Дмитрий Груздев (2017 жылғы екі дүркін Азия чемпионы, «Тур де Франс» суперкөпкүндігіне қатысушы — 115 орын)
Даниил Фоминых (2017 жылғы Азия чемпионы)
Бақтияр Қожатаев (2017 жылғы Азия чемпионы, «Тур де Франс» суперкөпкүндігіне қатысушы — 93 орын)
Никита Стальнов (2017 жылғы Қазақстанның вице-чемпионы — жеке жарыс, «Вуэльта» суперкөпкүндігіне қатысушы — 145 орын)
Руслан Тілеубаев
Артем Захаров (2017 жылғы Қазақстан чемпионы — топтық жарыс)
Андрей Зейц (2017 жылғы Азия чемпионы — топтық жарыс, Джиро д’Италия, Тур де Франс суперкөпкүндіктеріне қатысушы — 63, 44 орын)
Евгений Гидич (2017 жылғы Тайланд турының жеңімпазы)
Бельгия — Лауренс Де Вриз
Испания — Пельо Бильбао, Луис Леон Санчес, Омар Фраиле
Италия — Дарио Катальдо, Оскар гатто, Риккардо Минали, Морено Мозер, Давиде Виллелья
Дания — Якоб Фульсанг, Йеспер Хансен, Михаэль Вальгрен, Магнус Корт
Канада — Уг Уле
Колумбия — Мигель Анхель Лопес
Норвегия — Трульс Корсет
Ресей — Сергей Чернецкий
Украина — Андрей Гривко
Естония — Танел Кангерт
Чехия — Ян Хирт
«Астана» командасының бас менеджері — Александр Винокуров