Алматы журналистер лигасы. ІІІ тур

27 қаңтар

«Намыс» – «Қыран» – 3:2 (2:1) (Н.Ақынбаев, 6-пенальтиден, А.Ордабай, 13, Исламбек, 25 – Б.Жақсымбет, 1, Д.Келбетов, 18-пенальтиден

Ескерту алғандар: Д.Түлкібай, А.Қылышбек («Намыс»)
«Намыс»: Ақын Ордабай, Исламбек, Өмірбек Сансызбай, Рустам Сағадиев, Асқат Қылышбек, Рүстем Қайыртай, Абзал Сүлеймен, Әнуар Кәрбозов, Нұрлан Ақынбаев, Дәурен Түлкібай

«Қыран»: Срайыл Смайыл, Бақытжан Нұрпейісов, Амангелді Сейітхан, Бауыржан Жақсымбет, Дархан Келбетов, Аман Тасыған, Ғалымбек Сымбат, Ержан Шайжан

Матчтың статистикалық деректері:

  • «Намыс» командасы алғашқы турдағы сәтсіздіктен кейін қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді;
  • Турнирдегі алғашқы пенальти осы ойында соғылды;
  • Бір ойында екі пенальти де алғаш осы кездесуде белгіленді;
  • Б.Жақсымбет турнирдің ең жылдам голын енгізді (1 минут);
  • А.Қылышбек («Намыс») – турнирде екі ескерту алған бірінші футболшы. Ол І турдағы «Бірлік» — «Намыс» кездесуінде де ескерту алған еді;
  • «Намыс» — жігерлі жеңіске жеткен екінші команда. ІІ турда қарсыласынан бірінші гол жіберіп, артынша жеңіске жеткен «Айбын» командасы болатын;
  • «Қыран» — әзірше турнирде ең аз доп соққан (7) команда.

«Жігер» – «Тұлпар» – 3:6 (2:3) (Д.Берікқажы, 5, Н.Төлеков, 7, Ж.Әшімжан, 30 – О.Қабденов, 3, 22, Н.Мамырбеков, 9, 17, Ә.Тастаев, 14, 28)

Ескерту алған: Н.Мамырбеков («Тұлпар»)

Алаңнан қуылған: А.Сәдуақас («Жігер», екі ескерту)
«Жігер»: Жанарбек Әшімжан, Алмас Сәдуақас, Нұржан Төлеков, Дәурен Бабамұрат, Мадияр Арыстанбаев, Әлібек Байбол, Бауыржан Кәріпов, Дәурен Берікқажы

«Тұлпар»: Жандос Айтбайұлы, Әзиз Тастаев, Совет Сейітов, Оңғар Қабденов, Тастанбек Жұмахан, Қанат Байұзақов, Жамбыл Бұлан, Саттар Ерназаров, Нұрмұхаммед Мамырбеков

Матчтың статистикалық деректері:

  • «Тұлпар» командасы алғашқы жеңісін иеленді;
  • А.Сәдуақас – турнирде алаңнан қуылған алғашқы ойыншы;
  • «Тұлпар» командасы ІІ турда өз қақпасына 3 дубль жіберсе, бұл жолы өзі қарсыластар қақпасына 3 дубль соқты;
  • Д.Берікқажы үш турда да алаңнан голсыз кеткен жоқ;
  • Қақпашы Ә.Тастаев бұл жолы алаңда ойнап қана қоймай, екі гол енгізіп, мергендігін де танытты;
  • «Жігер» мен «Қыран» алғашқы турда иеленген 1 ұпайды еселей алмай келеді.

«Айбын» – «Бірлік» – 2:6 (1:4)(Ә.Келбетов, 14, А.Найманбай, 25 – Д.Кәрібаев, 2, 9, Қ.Көпжасар, 6, 11, 19, М.Қайыртай, 23)

Ескерту алғандар: Ф.Сейітов («Айбын»), Д.Дариябек («Бірлік»)
«Айбын»: Қуандық Шынасыл, Алмас Найманбай, Фархат Сейітов, Нұрлан Наурызәлиев, Дәнеш Байболат, Ерғали Бақаш, Әлім Келбетов, Абай Аймағамбет, Есей Жеңісұлы

«Бірлік»: Шоқан Махан, Қосқанат Көпжасар, Манас Қайыртай, Диас Нұрақын, Дәурен Дариябек, Алмат Исаділ, Рауан Оқас, Дулат Кәрібаев, Орынбек Сахидәулетұлы

Матчтың статистикалық деректері:

  • «Бірлік» командасы үш турда да жеңіске жетіп, жеке-дара көш бастады;
  • Қ.Көпжасар мергендер көшінде алға суырылып шықты. Оның мергендік көрсеткіші мынадай: І тур – хет-трик, ІІ тур – покер, ІІІ тур – хет-трик;
  • Д.Берікқажы («Жігер»), Ә.Келбетов («Айбын»), Қ.Көпжасар («Бірлік»), Д.Кәрібаев («Бірлік») – үш турда да гол соққан мергендер;
  • Д.Кәрібаев – үш турда да дубльмен көзге түскен футболшы;
  • «Бірлік» үш турда өз қапасына 5 гол ғана жіберді. Бұл – ең үздік көрсеткіш;
  • «Айбын» осы турда алғаш рет жеңілді.

Турнир кестесі:

Команда О Ұ Т Ж Д Ұп
1. «Бірлік» 3 3 0 0 18:5 9
2. «Айбын» 3 2 0 1 14:13 6
3. «Намыс» 3 2 0 1 11:8 6
4. «Тұлпар» 3 1 0 2 9:16 3
5. «Жігер» 3 0 1 2 11:15 1
6. «Қыран» 3 0 1 2 7:13 1


Мергендер:

  1. Қ.Көпжасар («Бірлік») – 10 доп

2-3. Ә.Келбетов («Айбын»), Д.Берікқажы («Жігер») – 7

4. Д.Кәрібаев («Бірлік») – 6

IV тур. 3 ақпан

«Бірлік» — «Жігер»

«Намыс» — «Айбын»

«Тұлпар» — «Қыран»

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here