Дзюдо. Әлем чемпионаты
Баку

Кеше Бакуде (Әзербайжан) дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні Отгонцецег Галбадрах (48 келі) қоладан олжа салды.
ІІ айналым. О.Галбадрах – Габриела Чибана (Бразилия) – иппон
ІІІ айналым. О.Галбадрах – Лаура Мартинес (Испания) – иппон
Ширек финал. О.Галбадрах – Д.Билодед (Украина) – украиналық балуан иппонмен жеңді.
Жұбаныш белдесуі. О.Галбадрах – Маруся Штангар (Словения) – иппон
Қола жүлде үшін. О.Галбадрах – Мунхбат Уранцецег (Моңғолия) – иппон

Галбадрах осымен екінші рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып отыр. Өткен жылы Венгрия астанасы Будапештте өткен әлемдік додада отандасымыз жартылай финалда болашақ чемпион Фуна Тонакиден (Жапония) жеңілген еді. Ал биыл өзін аяқтан шалған Д.Билодидті Отгонцецег былтыр үшінші айналымда таза жеңген болатын. Биыл Билодид Тонакиді финалда ұтып, әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

Баку бәйгесінде ерлер арасынан бірінші болып татамиге шыққан Ғұсман Қырғызбаев (60 келі) үшінші айналымға жетіп, бразилиялық балуаннан айла асыра алмады.
І айналым. Ахмет Сахин Қаба (Түркия) – иппон
ІІ айналым. Ян Сиккарди (Монако) – иппон
ІІІ айналым. Ерик Такабатаке (Бразилия) – Қырғызбаев иппонмен жеңілді.

Өткен жылы бүл салмақта жарысқа Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев қосылып, екеуі де жұбаныш белдесулерінде жеңілген еді.

(Халықаралық дзюдо федерациясы сайтының фотосы)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here