Чемпиондар лигасы
21 қараша. 5 тур
Н тобы

АПОЭЛ — «Реал» — 0:6 (Модрич, 23, Бензема, 39, 45+1, Начо, 41, Криштиану Роналду, 49, 54)

Криштиану Роналду биыл Чемпиондар лигасында ғана мергендік танытуға бел байлаған секілді. Испания Ла-лигасында ол 12 турда небары 1 гол соқты (8 турда «Хетафе» қақпасына). Ал Чемпиондар лигасында рекордтан соң рекорд жаңартып жатыр.

АПОЭЛ қақпасына соңғы екі допты енгізіп, КриРо 2017 жылы Чемпиондар лигасындағы дәл соққылар санын 18-ге жеткізді.

Бұған дейінгі үш үздік нәтиже Роналдуға тиесілі еді:
2013 жыл — 15 гол
2014 жыл — 13 гол (Л.Мессимен бірдей)
2015 жыл — 16 гол
2016 жыл — 13 гол (Л.Мессимен бірдей)

Биылғы Чемпиондар лигасының топтық турнирінде әлі бір тур бар. Демек, CR7-нің қанжығасы тағы майланып, рекорд жаңара беруі мүмкін.

Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында барлығы 113 (іріктеу кезеңімен қосқанда — 114) гол соқты. Екінші орындағы Мессидің еншісінде 97 дәл соққы бар. Олардан кейінгі екі орынға спорттағы дәуренін тұжырған мергендер жайғасқан:
3. Рауль Гонсалес — 71
4. Рууд Ван Нистелрой — 56
53 гол соққан Кәрім Бензема («Реал») және 41 гол соққан Роберт Левандовски («Бавария») осы мергендерді қуып жетпесе де, алдыңғы қатарға жақындауы мүмкін.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here