Dynamo Kiev's Ukrainian midfielder Serhiy Sydorchuk (R) fights for the ball with Astana's Croatian midfielder Marin Tomasov during the UEFA Europa League Group K football match between FC Dynamo and FC Astana at The Olympiyski Stadium in Kiev on September 20, 2018. (Photo by SERGEI SUPINSKY / AFP) (Photo credit should read SERGEI SUPINSKY/AFP/Getty Images)

Еуропа лигасы. К тобы
1 тур. 20 қыркүйек

«Динамо» (К, Украина) – «Астана» — 2:2 (Цыганков, 11, Гармаш, 45+1 – Аничич, 21, Муртазаев, 90+5)

«Астана» командасы украиналық командадан еурокубокта ұпай алған алғашқы командамыз болып отыр. Бұған дейін Қазақстан мен Украина командалары 2013 жылы Еуропа лигасына іріктеудің плей-офф кезеңінде жолыққан-ды. Онда да Киевтің «Динамосы» тап келіп, «Ақтөбені» екі кездесу қорытындысында 8:3 (3:2, 5:1) есебімен жолда қалдырған еді:
22.08.2013 ж. «Ақтөбе» — «Динамо» К — 2:3 (Тремулинас, 37-өз қақпасына, Хайруллин, 66 – Ярмоленко, 16, Идейе, 52, Белханда, 57)
29.08.2013 ж. «Динамо» К — «Ақтөбе» — 5:1 (Ленс, 9, Безус, 30, Мбокани, 36, Идейе, 52-пенальтиден, Гусев, 73 – Гейнрих, 37-пенальтиден)

Осы кездесулерден кейін бес жыл бойы Қазақстан мен Украина командаларының жолы еурокубоктарда түйіскен жоқ.

«Астана» командасы еурокубоктарға қатысқан 6 жыл ішінде Армения, Израиль, Швеция, Словения, Финляндия, Кипр, Түркия, Португалия, Литва, Шотландия, Беларусь, Швейцария, Грекия, Латвия, Испания, Польша, Чехия, Македония, Дания, Украина клубтық командаларынан ұпай алды. Мұндай көрсеткішке еліміздің ешбір командасы қол жеткізіп көрген жоқ.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here