ІІ жиын

Қазақстан премьер-лигасы

17 тур. 5-6 шілде

«Тобыл» — «Астана» — 0:2 (Сигурионссон, 53, Томасов, 76)

«Тобыл» чемпиондық тартыста тікелей бәсекелесінен өз алаңында жеңіліп қалды. Елордалықтар сапына жақында ауысқан Рагнар Сигурионссон ҚПЛ-дағы алғашқы добын енгізді. Марин Томасов биылғы чемпионаттағы – тоғызыншы, ҚПЛ-дағы жиырма бесінші голын соқты.

«Қайрат» — «Ордабасы» — 0:1 (Бадибанга, 90)

Үздік үштікке кіру жолындағы егесте «Ордабасы» мен «Қайрат» арасындағы «шайқас» маусым соңына дейін созылатын сияқты. Алматыдағы ойында шымкенттіктер жеңіске жетті, ал бельгиялық вингер Зиги Бадибанга ҚПЛ-дағы алғашқы нәтижелі соққысын жасады.

«Тараз» — «Ақтөбе» — 1:1 (Ньюадзи, 45 – Кәкімов, 54-пенальтиден)

Тоголық шабуылшы Серж Ньюадзи екі айналымда да «Ақтөбе» қақпасына гол соқты. Ал Асланбек Кәкімов қатарынан екі тур мергендік танытып отыр.

«Ертіс» — «Оқжетпес» — 2:1 (Витас, 50, 74 – Молдақараев, 52)

Павлодарлықтардың қорғаушысы Урош Витас маусымдағы алғашқы добын соқты және бірден дубль жасады. Ал «Оқжетпес» шабуылшысы Жасұлан Молдақараевтың қанжығасы биыл екінші рет майланып отыр. Ол жоғары деңгейдегі 35 (отыз бесінші) добын енгізді.

«Қайсар» — «Шахтер» — 2:2 (Граф, 17, Мбомбо, 29 – Е.Нұрғалиев, 35, Пешич, 63)

Куле Мбомбо мен Иван Пешич маусымда бесінші реттен мергендік танытып отыр. Еркебұлан Нұрғалиев кеншілер сапындағы алғашқы добын соқты.

«Атырау» — «Жетісу» — 2:1 (Абдулавов, 31, Родионов, 63 – Дарабаев, 61)

Ресейлік шабуылшы Исламнұр Абдулавов ҚПЛ-дағы алғашқы матчында гол соғып көзге түсті. Ал Аслан Дарабаев бірінші айналымда – «Ертіс» сапында, екінші айналымда «Жетісу» сапында «Атырау» қақпасын таңбалап отыр. Бұл – Асланның ҚПЛ-дағы жалпы 29 (жиырма тоғызыншы) добы. Ал Алексей Родионов биыл ҚПЛ-дағы алғашқы добын соқты.

Жалпы, бұл турда қазақстандық футболшылар – 5, шетелдіктер 10 гол енгізді. Мергендер көшінде М.Томасов «ордабасылық» Жоао Паулуды қуып жетіп (9 доп), екінші орынға көтерілді. С.Ньюадзи (6 доп) төртінші орынға шықты.

fca.kz фотосы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here