Еркін күрес. Азия чемпионаты
Сиян (Қытай). 23 сәуір
Қытайдың Сиянь қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні боз кілемге шыққан еркін күрес балуандары арасынан қазақстандықтар 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.
Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді 70 келі салмақта күрескен Нұрқожа Қайпанов салды.
70 келі
1/8 финал. Нұрқожа Қайпанов – Кәрам Шахир Махмұд (Ирак) – 0:0
¼ финал. Нұрқожа Қайпанов – Батыр Боржақов (Түркіменстан) – 11:0
½ финал. Нұрқожа Қайпанов – Әлиакбар Емамишогаеи (Иран) – 12:2
Финал. Нұрқожа Қайпанов – Коджиро Шига (Жапония) – 9:0
65 келі салмақ дәрежесінде Саятбек Оқасов та финалға шығып, күміс медаль еншіледі.
65 келі.
1/8 финал. Саятбек Оқасов – Қажы Мұхаммад Әли (Бахрейн) – 9:1
¼ финал. Саятбек Оқасов – Ерназар Ахметәлиев (Қырғызстан) – 10:0
½ финал. Саятбек Оқасов – Хаң Соң Ким (Оңтүстік Корея) – 4:4
Финал. Саятбек Оқасов – Бажраң (Үндістан) – 7:12
79 келіде Ғалымжан Өсербаев қола медаль үшін болған белдесуде жапониялық балуанды жеңіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
79 келі
1/8 финал. Ғалымжан Өсербаев – Азамжон Юсупов (Тәжікстан) – 10:0
¼ финал. Ғалымжан Өсербаев – Нәдірбек Егамбердиев (Өзбекстан) – 8:0
½ финал. Парвен Рана (Үндістан) – Ғалымжан Өсербаев – 3:2
3 орын үшін. Ғалымжан Өсербаев – Юта Абе (Жапония) – 6:0
97 келі салмақ дәрежесінде Әлішер Ерғали да қола жүлдегер атанды.
97 келі
¼ финал. Әлішер Ерғали – Мин Во Сео (Оңтүстік Корея) – 6:2
½ финал. Реза Әли Яздани (Иран) – Әлішер Ерғали – 9:3
3 орын үшін. Әлішер Ерғали – Магомед Мұсаев (Қырғызстан) – 6:2
57 келіде сынға түскен Мейрамбек Қартбай алғашқы қарсыласынан жеңіліп, жүлдеге жете алмады.
1/8 финал. Мейрамбек Қартбай – Кумар Рави (Үндістан) – 4:9
Бұл туралы wrestling.kz сайты хабарлады.