Еуропа лигасы. К тобы
5 тур. 29 қараша

«Астана» — «Динамо»(Киев, Украина) — 0:1 (Вербич, 29)
«Астана»: Ерич (к), Рукавина, Аничич, Кляйнхайслер, Томасов, Маевский, Зайнутдинов (Шомко, 75), Ричард Алмейда (Мұжықов, 58), Кабананга (Янга, 62), Постников, Муртазаев.
«Динамо»: Бойко, Че Че, Вербич (Сидорчук, 76), Чепелев, Шапаренко (Гармаш, 64), Цыганков (к) (Морозюк, 84), Миколенко, Сидклей, Бурда, Кадар, Кендзёра.
Ескерту алғандар: Постников, 32, Кляйнхайслер, 87 — Че Че, 90, Гармаш, 90+3
Төреші — И.Бебек (Хорватия)
Астана, «Астана-Арена» стадионы 

«Яблонец» (Чехия) — «Ренн» (Франция) — 0:1 (Гранье, 55)

* «Астана» биылғы Еуропа лигасының топтық турнирінде өз алаңында бірінші рет жеңілді. Бұған дейін елордалықтар «Яблонецті» — 2:1, «Реннді» 2:0 есебімен жеңген еді.

* Осы матчтан кейін «Астана» К тобында екінші орында тұр.

* Еурокөктемге шығу үшін астаналықтар 13 желтоқсанға сырт алаңда «Реннен» кемі бір ұпай алуға тиіс.

* Бұл кездесуде «Астана» биыл топтық турнирде бірінші рет қарсылас қақпасына доп соға алмады.

* «Астана» легионерлері Р.Алмейда мен Р.Янга елордалықтар сапында еурокубоктардағы оныншы ойындарын өткізді.

* С.Мұжықов «Астана» құрамында елуінші рет еурокубок матчында алаңға шықты.

* Өткен жылы да «Астана» Еуропа лигасының топтық турниріндегі V турда өз алаңында «Вильярреалдан» (Испания) жеңілген еді. Одан кейін сырт алаңда «Славияны» (Чехия) 1:0 есебімен тізерлетті. Биыл да сол жеңіс жолын қайталауға мүмкіндік бар.

* «Динамомен» кездесуде Қазақстан чемпионы қарсыластар қақпасына 23 соққы жасады. Бұған дейін «Астана» Чемпиондар лигасына іріктеудің ІІ кезеңіндегі «Мидтьюлландқа» (Дания) қарсы ойында осынша соққы тіркеген болатын.

* «Динамо» Қазақстанда өткен екінші кездесуінде де жеңіске жетті. 2013 жылы Еуропа лигасына іріктеудің плей-офф кезеңінде киевтіктер Ақтөбеде жергілікті команданы 3:2 есебімен тізе бүктірген еді.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here