Чемпиондар лигасы

ПСЖ – «Ливерпуль» — 2:1 (Бернат, 13, Неймар, 37 — Милнер, 45+1-пенальтиден)

ПСЖ шабуылшысы Неймар бұл кездесуде жеңіс голын соғып, Чемпиондар лигасы тарихындағы ең мерген бразилиялық футболшы атанып отыр.

26 жастағы ойыншы УЕФА-ның басты клубтық турнирінде 31-рет қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Ол бұл доптарды «Барселона» және ПСЖ командаларының құрамында соқты.

Екінші орында – «Милан» мен «Реалдың» бұрынғы ойыншысы Кака (30 гол), үшінші орында – Ривалдо (бұрынғы «Барселона» және «Милан, 27 гол).

Өкінішке қарай, қазақстандық ешбір футболшы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңдерінде доп соғып көрген жоқ. 2015 жылы «Астана» тұңғыш рет лиганың топтық турнирінде ойнағанда, қарсыластар қақпасына 5 гол енгізді. Бірақ сол 5 доптың екеуі – автогол (Х.Балта мен Л.Кароль), үшеуі легионерлер (П.Твумаси – 2, М.Аничич) еншісінде болды.

(psg.fr фотосы)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here