Қазақстан премьер-лигасы

6 тур. 20 сәуір

«Қайсар» — «Ордабасы» — 0:0

«Қайрат» — «Астана» — 0:1 (Ротариу, 21)

«Тобыл» — «Жетісу» 0:0

«Атырау» — «Оқжетпес» — 1:2 (Иванчич, 65 – Стоянович, 5, Нөсербаев, 33)

«Ертіс» — «Ақтөбе» — 0:1 (Әйімбетов, 12)

«Тараз» — «Шахтёр» — 1:2 (Ньюадзи, 37 – Барановский, 8, Шахметов, 34)

  • «Астана» командасы сырт алаңда «Қайратты» жеңіп, турнир кестесіндегі негізгі қарсыластарынан ұзай түсті. Қазір жоғалтқан ұпай саны бойынша нұрсұлтандықтармен «Тобыл» ғана тең.
  • Бұл турда алаң иелері бір де бір жеңіске жеткен жоқ. Үш ойын тең аяқталды, үш ойында қонақтар басымдық танытты.
  • «Оқжетпес» премьер-лигаға оралғаннан кейінгі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
  • «Астананың» жартылай қорғаушысы Дорин Ротариу төртінші добын соғып, мергендер көшінде Азат Нұрғалиевті («Тобыл») қуып жетті.
  • «Шахтердің» жартылай қорғаушысы Марат Шахметов өзінің премьер-лигадағы 20 голын соқты. Бір қызығы, Марат премьер-лигадан басқа турнирлердің ешбірінде мергендік танытқан емес.
  • «Ақтөбе» командасы қатарынан екінші рет жеңіске жетіп, ұпай санын -6-ға дейін қысқартты.
  • «Қайрат» екінші тур қатарынан жеңіліп отыр. 5 турда алматылықтар сырт алаңда «Жетісудан» ойсырай ұтылған еді (0:3).
  • «Тараз» командасының бас бапкері Вахид Масудов алты турда үш қақпашыны негізгі құрамда алаңға шығарды. Самат Отарбаев – 1, 3 және 4 турларда, Мұхамеджан Сейсен 2 және 5 турларда жамбылдықтардың қақпасын қорғады. Ал 6 турда Алмас Қамытбеков премьер-лигадағы алғашқы матчын өткізіп, «Таразды» сәтсіздіктен қорғай алмады.
  • «Ордабасы» командасының және Қазақстан құрамасының қақпашысы Дмитро Непогодовтың құрғақ матч сериясы 509 матчқа жетті. Непогодов биылғы додада 5 кездесуге қатысып, бір де бір доп жіберген жоқ.

«Оқжетпес» ФК фотосы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here