Олимпиада жүлделерінен айырылған елдер тізімінде Қазақстан төртінші орында тұр.

Ең алғаш допинг қолданғаны үшін 1968 жылы Мехикода Швецияның қазіргі бессайыс құрамасы медалін кері қайтарды. Бұл құраманың мүшесі Ханс-Гуннар Лиенваль алкоголь қолданғаны үшін айыпталды. Ол бессайыстың нысана көздеу бағдарламасында қолы қатты дірілдеп, ширығып тұрған соң аздап алкогольдік ішімдік ішкен. Бірақ сайыстан кейін қан тапсырғанда, оның құрамынан 0,81 промилле этил спирті шыққан.

Ресей 48 медалінен (12 алтын, 25 күміс, 11 қола) айырылыпты.
Екінші орында — Беларусь (2, 3, 6=11)
Үшінші орында — Украина (1, 4, 5 = 10)

Қазақстан 5 алтынын қайтарды: 2008 жыл — Илья Ильин (ауыр атлетика, 94 келі), 2012 жыл — Илья Ильин (94 келі), Светлана Подобедова (75), Майя Манеза (69), Зүлфия Чиншанло (53). Бәрі — ауыр атлетикадан.
2 күмісті қайта тапсырды: 2008 жыл — Ирина Некрасова (ауыр атлетика, 63), Таймураз Тигиев (еркін күрес, 96).
2 қоладан айырылды: 2008 жыл — Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі, 96), Мария Грабовецкая (ауыр атлетика, +75).

Олимпиада жүлделерінен айырылған елдер:

ЕлАлтынКүмісҚолаБарлығы
1.Ресей (КСРО)12251350
2.Беларусь23611
3.Украина14510
4.Қазақстан5229
5.АҚШ5128
6.Болгария4217
7.Түркия1405
8.Қытай3014
9.Венгрия2204
10.Өзбекстан1113
11.Швеция0123
12.Армения0033
13.Молдова0033
14.Германия0022
15.Румыния1012
16.КХДР0112
17.Грекия0022
18.Польша1001
19.Канада1001
20.Ямайка1001
21.Бахрейн1001
22.Ирландия1001
23.Италия0101
24.Куба0101
25.Әзербайжан0101
26.Финляндия0101
27.Моңғолия0101
28.Қырғызия0011
29.Норвегия0011
30.Ұлыбритания0011
31.Нидерландия0011
Барлығы475148196

Олимпиада жүлделерін қайтарып бергендердің ең көбі — жеңіл атлеттер (48). Ауыр атлеттер — екінші (46), шаңғышылар — үшінші (13).