Еуропа лигасы. І іріктеу кезеңі
Қарымта матч

«Атлантас» (Литва) — «Қайрат» — 1:2 (Чиофу, 12 — Иличевич, 35-пенальтиден, Гоу, 39)

«Қайрат» командасының жартылай қорғаушысы Иво Иличевич осы кездесуде ерекше нәтижеге жетті. Ол «Атлантаспен» 2 кездесуде 3 гол соғып, Қазақстан командаларының еурокубоктардағы рекордын жасады. Бұған дейін ешбір футболшы дәл осындай мергендік көрсеткен емес.

Басқа футболшылардың 3 гол соғу жиілігі:
1. А.Аршавин («Қайрат») — 5 матчта
2. Ж.Гоу («Қайрат») — 6
3. Т.Нөсербаев («Астана) — 7
4. М.Хайруллин («Ақтөбе») — 8
5. Н.Жұмасқалиев («Тобыл») — 9
6-7-8-9. С.Сымақов («Қайрат»/»Ақтөбе»), Б.Исламхан («Қайрат»), М.Тілешев («Ақтөбе»), С.Хижниченко («Шахтер») — 10
11. А.Финонченко («Шахтер») — 17

И.Иличевич 3 голды небары 74 минут ішінде (бірінші матчта алаңға 61 минутта шықты, екінші ойында бірінші таймнан кейін алмастырылды) соқты. Бұл көрсеткішті жаңарту енді тіпті қиын болар.

Келесі кезеңде И.Иличевичтің мергендігі тағы сынға түседі. Ол енді командаласы А.Аршавиннің (5 кездесуде — 4 гол) тиімділігін қайталай ала ма? Ендігі қарсыластар осал емес екені анық.