Бокстан әлем чемпионаты
Гамбург. Германия
Бесінші жарыс күні (28 тамыз)
Ширек финал

49 келі. Жомарт Ержан — Василий Егоров (Ресей) — 5:0 (29:28, 29:28, 30:27, 30:26, 30:26)
Жартылай финалда Ж.Ержан кубалық Жоанис Аргилагоспен күш сынасады. Бұл кездесу ертең Астана уақытымен түнгі 22-де өтеді.

56 келі. Қайрат Ералиев — Омар әл-Хаг (Германия) — 5:0 (30:27, 30:27, 30:27, 29:28, 30:27)
Қайраттың жартылай финалдағы қарсыласы — Питер МакГрейл (Ұлыбритания).

69 келі. Абылайхан Жүсіпов — Габриель Маэстре Перес (Колумбия) — 3:1 (30:27, 28:28, 29:28, 28:29, 30:27)
Жартылай финалдағы қарсыласы — өзбек Шахрам Ғиясов.

75 келі. Әбілхан Аманқұл — Арлен Лопес (Куба) — 3:2 (28:29, 29:28, 29:28, 29:28, 28:29)
Жартылай финалда Әбілхан әзербайжан Кәмран Шаһсуварлымен кездеседі.

81 келі. Ерік Әлжанов — Бектемір Меликузиев (Өзбекстан) — 2:3 (28:29, 29:28, 28:29, 28:29, 30:27)

91 келі. Василий Левит — Джейсон Уейтли (Австралия) — 5:0 (30:25, 30:24, 30:25, 30:26, 30:27)
Жартылай финалда Левит кубалық Ерисланди Савонмен кездеседі.

+91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев — Баһадүр Жалалов (Өзбекстан) — 3:2 (29:28, 29:28, 28:29, 28:29, 29:28)
Финал жолдамасын Қамшыбек камерундық Арсен Фокумен сарапқа салады.

Мырзағали Айтжанов, Қазақстан құрамасының бас бапкері:
— Боксшыларымыздың бәрі берілген тапсырманы жақсы орындап, бізді қуантты. Ерік Әлжанов жеңіс үшін барын салды, бірақ өзбек боксшысының сәл ғана басымдығы жекпе-жек тағдырын шешіп кетті. Алдағы кездесулердің бәрі қиын. Жігіттерді жақсылап дайындаймыз және олардың бұл кезеңде де жеңіп шығатынына сенеміз.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here