Вьетнамның Хошимин қаласында бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты мәреге жетті. Отандастарымыздың арасынан Мәдина Нұршаеваның (64 келі) жұлдызы жанды. Ол финалда қытай қызы Доу Даннан басым түсті. Сөйтіп Мәдина өзінің әзірше ең үлкен табысына қол жеткізді.

Нұршаеваның жеңіс жолы мынадай:
Ширек финал. Нгуен Тхи Туйен (Вьетнам) – 5:0
Жартылай финал. Лаопим Пинвилай (Тайланд) – 5:0
Финал. Доу Данн (Қытай) – 3:2

Өкінішке қарай, Мәдинаның алтыны жалғыз бас жүлде болды. 69 келіде сынға түскен Валентина Хальзова финалда Гу Хоңға есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.
Валентина Азия чемпионатында екі қарсыласын жеңді:
Ширек финал. Супапорн Срисонди (Тайланд) – 3:2
Жартылай финал. Боргоайн Ловлина (Үндістан) – 5:0

Төрт боксшымыз қола медальға қол жеткізді. Олар – Назым Қызайбай (51 келі), Дариға Шәкімова (75 келі), Мөлдір Базарбаева (81 келі), Ләззат Күнгейбаева (ауыр салмақ).

Қазақстандық боксшы қыздардың Азия чемпионатындағы нәтижелері:

Алуа Балқыбекова (48 келі)
Бірінші айналым. Хе Линюн (Қытай) – 4:1
Ширек финал. Ким Хяң Ми (КХДР) – 0:5

Назым Қызайбай (51 келі) – қола жүлдегер
Бірінші айналым. Чаң Ю Ян (Қытай) – 4:1
Ширек финал. Тұрсынай Рақымова (Өзбекстан) – 5:0)
Жартылай финал. Пең Чол Ми (КХДР) – 2:3

Назым Ищанова (57 келі)
Бірінші айналым. Нұр Сабрин Бинте Мохд (Сингапур) – 5:0
Ширек финал. Сония Латер  (Үндістан) – 2:3

Дариға Шәкімова (75 келі) – қола жүлдегер
Бірінші айналым. Жаң Юн Хуи (КХДР) – 3:2
Ширек финал. Луу Дием Куинх (Вьетнам) – 5:0
Жартылай финал. Ли Киан (Қытай) – 0:5.

Мөлдір Базарбаева (81 келі) – қола жүлдегер
Жартылай финал. Яң Ксиаоли (Қытай) – 1:4

Ләззат Күнгейбаева (аса ауыр салмақ) – қола жүлдегер
Жартылай финал. Ни Тран (Вьетнам) – 2:3

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here