«Жетісу» — «Ордабасы» — 2:3 (Еужениу, 22, Тошев, 28 — Симчевич, 39, Хижниченко, 54, Жоао Паулу, 63)

«Ордабасының» және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко бұл матчта Қазақстан чемпионаттарындағы 60-добын енгізді.

Хижниченко 2008 жылдың 8 наурызында 16 жасында Қазақстан чемпионаттарындағы алғашқы матчын өткізді. Ол Көкшетауда өткен «Оқжетпес» — «Восток» кездесуінің 60 минутында Евгений Антоненконы алмастырды.

Үлкен футболдағы алғашқы голын он үшінші матчында соқты: 27.07.2008 ж. 18 тур. «Ордабасы» — «Восток» — 1:2 (Хижниченко, 74 — 1:2, пас берген Ю.Аксенов).

«Восток» сапында — 7 (36 матч), «Атырауда» — 1 (14), «Ақтөбеде» — 9 (27), «Тобылда» — 10 (28), «Шахтерде» — 25 (81), «Астанада» — 6 (25) және «Ордабасы» сапында 2 (9) гол авторы атанды.

Қазақстан чемпионаттары тарихындағы мергендер көшінде С.Хижниченко қазір 36-38 орындарда тұр. Өнер көрсетіп жүрген футболшылар арасында Сергейдің алдында А.Нұрғалиев («Тобыл», 80 гол) және А.Щеткин («Астана», 63) ғана бар.

Жалпы көрсеткішіне қарасақ, «Жетісу» қақпасына соққан добы — Хижниченконың үлкен футболдағы 78-голы. Ол Қазақстан чемпионаттарында — 60, Қазақстан кубогында — 1, ұлттық құрамада — 8, еурокубоктарда — 4, шетел чемпионаттары мен кубоктарында 7 (4+3) гол енгізді.

ҚКФЛ фотосы