Ағылшын премьер-лигасының 23 турындағы «Ливерпуль» — «Кристал Пэлас» кездесуінде (4:3) ерекше оқиға тіркелді. 53 минутта шабуылшы Роберто Фирмино қарсыластар қақпасын дәл көздеп, мерсисайдтықтардың АПЛ тарихында өз алаңындағы 1000-голының авторы атанды.
Бұл жылнама 1992 жылдан — Ағылшын премьер-лигасы құрылғаннан бері басталған.
«Ливерпульге» дейін өз алаңындағы 1000 допты «Манчестер Юнайтед» («Олд Траффорд» стадионы) және «Челси» («Стемфорд Бридж») соққан болатын.