5 қазан күні Қазақстан құрамасы сырт алаңда Румыниямен кездеседі. 2018 жылғы әлем чемпионатына жолдама алудан екі команда да үмітін үзген. Соған қарамастан, алаң иелері барын салатыны анық. Өйткені жақында неміс маманы Кристоф Даум отставкаға кетіп, Румыния құрамасының тізгінін 41 жастағы Космин Контра ұстаған болатын. Жаңа бапкер өз шәкірттерін жеңіске жұмылдыратыны күмән тудырмайды. 

Қазақстанмен ойыннан кейін румындар Даниямен кездеседі. Осы кездесулерге Контра мына футболшыларды шақырды:

Қақпашылар: Чиприан Тетерушану («Нант», Франция), Костел Пантилимон («Депортиво», Испания), Силвиу Лунг («Кайсериспор», Түркия), Богдан Лобонц («Рома», Италия)
Қорғаушылар: Кристиан Сепунару («Кайсериспор», Түркия), Влад Кирикеш («Наполи», Италия), Валерике Геман, Пауль Папп («Қарабүкспор», Түркия), Космин Моци («Лудогорец», Болгария), Драгош Григоре («Әл-Сайлия», Қатар), Алин Тошка («Бетис», Испания), Ясмин Латовлевич («Галатасарай», Түркия)
Жартылай қорғаушылар: Ерик Бикфалви («Орал», Ресей), Резван Марин («Стандард», Бельгия), Николае Станчу, Александру Кипчу («Андерлехт», Бельгия), Александру Максим («Майнц», Германия), Габриел Торже, Кристиан Тенасе («Қарабүкспор», Түркия), Адриан Стоян («Кротоне», Италия)
Шабуылшылар: Богдан Станку («Бурсаспор», Түркия), Флорин Андоне («Депортиво», Испания), Клаудиу Кешеру («Лудогорец», Болгария), Георге Грозав («Қарабүкспор», Түркия).

Бұл футболшылар ішінен Тетерушану, Сепунару, Тошка, Станчу, Кипчу, Станку, Моци, Марин және Андоне өткен жылғы Қазақстан — Румыния (0:0) кездесуіне қатысқан еді.

Румыния — Қазақстан кездесуі 5 қазан күні Плоешти қаласында өтеді.